Бас прокуратура: Митингіге қатысқан 957 адам әкімшілік жауапқа тартылды


ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов сайлаудан кейінгі шерулерге қатысқан адамдардың 957-і қамауға алынған деп хабарлады.


Оның айтуынша, заңсыз акциялар мен шерулерге қатысқаны үшін сот шешімімен олар әкімшілік жауапқа тартылған.


«Бас прокуратура рұқсат етілмеген акция, шерулерге қатысу заңсыз екенін бірнеше мәрте ескертті. Арандатуға бой алдырған отандастарымыз бірнеше қалада қарсылық акцияларына шықты. Салдарынан 3 полиция қызметкері дене жарақатын алды. Дегенмен, полиция ұстамдылық танытып, арнайы заттарды қолданбады»,- деді Бас прокуратура өкілі.



Солардың ішінде:


  1. 670 адам қамауға алынды;
  2. 115 адамға айыппұл салынған;
  3. 172 адамға ескерту жасалған.


«Қадағалау өкілеттігі аясында прокуратура ұсталғандардың заңсыз әрекетін түсіне отырып, отбасылық жағдайын ескеріп, сот орындарына 311 адамның қамау мерзімін қысқарту бойынша ұсыным хат жіберді. 63 адам бүгін шығады. Қазір қамақта 180 адам бар. Оның 80-і - Нұр-Сұлтан қаласында, 100-і - Алматыда қамауда. Оларды қамау мерзімі - 6-15 күн аралығында», - деді Сапарбек Нұрпейсіов.