21 мың теңге: Елімізде 18-мыңнан астам отбасы әлеуметтік қолдауды алмайтын болды


Қазақстанда 18,5 мың отбасы құжаттарды дұрыс толтырмаған себебінен атаулы әлеуметтік көмек ала алмайтын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.


«Бүгінгі таңда 277 мың отбасы АӘК алады. Комиссиялар барлық жерде жұмыс жасап жатыр. Барлық құжаттарды тексереді. Әлеуметтік көмекке құжаттарды қате толтырған 18,5 мың отбасыға көмек берілмейтін болды. Осыған орай, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 67,7 миллиард теңге бөлінді. Әр отбасыларға арналған АӘК орташа мөлшері 105 мың теңгені құрайды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырған 2,5 есеге көп», - деді министр.


Бердібек Сапарбаев 2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек көлемі 3,3 триллион теңгені құрағанын атап өтті.