11 жасар алматылық қыз танымал американдық байқауда жеңімпаз атанды


Алматылық Аделина Мұхаметжанова халықаралық Protege Vocal Contest байқауының «академиялық вокал» санатында жеңімпаз атанды.


Америкалық байқауда жас әнші төрт шығарманы ұсынды, олардың ішінде Эннио Морриконе мен Франц Шуберттің жұмыстары бар. Ұйымдастырушылар Аделинаны Нью-Йорктегі Carnegie Hall-дағы жеңімпаздардың концертіне шақырды.


«Мен ұйымдастырушылардан ресми хат келгенде қатты таңқалдым. Шынымды айтсам, әлемнің үздік әншілері өнер көрсеткен аңызға айналған залда өнер көрсететініме әлі де сене алмай тұрмын! Жақында біз дайындықты бастаймыз, жақсы өнер көретуге қатты тырысамын», - дейді ол.



Әділ Мухаметжанова мектепте оқи жүріп, вокал, жүзу, хореографиямен шұғылданады, халықаралық жарыстарға қатысады. Бұған дейін ол Украинаның «Евровидение балалар академиясы» жобасында көрермен көзайымы және Италияда «Санремо Джуниор 2018» фестивалінде Time to say goodbye әнімен жеңімпаз атанды.




American Protege – бүкіл әлемдегі дарынды музыканттарға арнап музыкалық байқаулар мен фестивальдар өткізетін ұйым. Тыңдалым бейнежазба арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздар Нью-Йорктегі әлемге беделді Carnegie Hall-да өнер көрсетуге шақырылады.