Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берді


Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы президет өзінің twitter парақшасында хабарлады.


"Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", - деп жазды президент.



Айта кетсек, бұдан бұран телекоммуникация қызметкерлері мен журналистер күні маусым айының соңғы аптасында тойланатын еді.