Қазақстанда 1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі


Елімізде 1,1 млн адамның еңбекақысы артады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.


Министрдің айтуынша, 2019 жылдың басында 1,3 млн адамның жалақысы 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артқан. Оның ішіне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкер кірген.


«Біз ай сайын ең төменгі жалақыны есептеу мониторингін жүргіземіз. Мәселен, міндетті зейнетақы жарналарының түсімдерін талдау нәтижелері биылғы сәуірде 92 мың қызметкер еңбек ақыны ЕТЖ мөлшерінен төмен алғанын көрсетті. Сондай-ақ, еңбекақысы төмен қызметкерлер бойынша жалақының өсуіне мониторинг жүргіземіз. Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам жұмыс беруші 1,1 млн адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойныма алдым», - деді министр.


Сапарбаевтың хабарлауынша, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда жоғары жалақы алады.


Аталған арттыруды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 144,3 млрд теңге бөлу көзделген.