ҰБТ дауы: Мұғалжарда шенеунік министрлік өкілдерін сатып алмақ болған


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне пара бермек болған, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.


«Күдікті Мұғалжар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларынан білім министрлігінің комиссия мүшелеріне арнап мейрамханаға, қонақ үй мен тамақтану үшін төлем түрінде ақша алғаны анықталды», - делінген хабарламада.


Шенеуніктің айтуынша, бұл қадамға аудан рейтингін көтеру үшін барған.


«20 маусым күні әкім орынбасары өңір мектебінен 540 мың теңге ақша алған. Олар кінәсін толығымен мойындауына байланысты тұтқындалмады. Қазірде тергеу жалғасуда»,- деді баспасөз қызметі.