HOLA News тілшісі БАҚ өкілдері арасындағы теннис турнирінде жеңімпаз атанды


HOLA News тілшісі Әлімжан Сабырбаев БАҚ өкілдері арасындағы BAQ Open теннис турнерінде жеңіске жетті.


22-23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында екінші рет BAQ Open БАҚ өкілдері арасында теннис турнирі өтті. Оған түрлі қалалар мен елдердің 53 журналистері қатысты. Турнир екі категорияда өтті: әйелдер мен ерлер арасында Mаsters және Futures. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге.



Ерлер Mаsters сериясының жеңімпазы «HOLA News» тілшісі Әлімжан Сабырбаев атанды.



Әйелдер арасында Тараздық «Экспресс К» газетінен Галина Выбанова үздік шықты.


Futures санатында Елдар Аманбаев ерлер арасында, Жанар Сердалиннің әйелдер арасында жеңімпаз атанды.


«Барлық қатысушылар өте мықты болды. Мен әр ойыншыны қадағалап, жеңіске жетудің тактикасын жасадым. Осындай мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушы Қазақстан Теннис федерациясына алғыс айтамын,» - деді Әлімжан.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:


Mаsters - ерлер:


  1. Әлімжан Сабырбаев, Hola News, Алматы.
  2. Андрей Ударцев, ktf.kz, Алматы.
  3. Александр Олейник, ҚАЗПОРТ, Нұр-Сұлтан.


Mаsters - әйелдер:


  1. Галина Выбанова, «Экспресс К», Тараз.
  2. Татьяна Ковалева, Zakon.kz, Нұр-Сұлтан.
  3. Айнагүл Елябаева, «Капитал» баспасы, Нұр-Сұлтан.


Futures - ерлер:


  1. Эльдар Аманбаев, ҚАЗПОРТ, Нұр-Султан.
  2. Аслан Мыңбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені, Нұр-Сұлтан.
  3. Нұрахмет Бектұрғанов, «Хабар», Нұр-Сұлтан.


Futures - Әйелдер:


  1. Жанар Сердалина, Bestnews.kz, Нұр-Сұлтан.
  2. Ирина Тетерина, 365.info, Алматы қ.
  3. Асыл Абдыкадырова, «Хабар», Нұр-Сұлтан.