Жапа шеккендің үшеуі ауыр халде


Арыс қаласындағы төтенше жағдай орын алған аумақтан 34 адам жедел жәрдеммен тасымалданды, олардың 21-і түрлі дене жарақаттарын алған, деп жазады NUR.KZ.


Шымкент қаласындағы №1 ауруханаға қазір 21 адам жеткізілді, олардың арасында балалар да бар.


"Жансақтау бөліміне жатқызылып жатқандар да бар. Жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әзірге он алты адамға көмек берілді" , - деп хабарлайды аурухананың ресми өкілі Айжан Омарова.


Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің үшеуінің жағдайы ауыр.



Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің қарасы қалыңдап барады. Дәл қазіргі уақытта Шымкент қалалық №1 ауруханаға жалпы саны 21 адам түскен.


Оның ішінде бесеуі 6 жасқа толмаған балалар. Оларды облыстық балалар ауруханасына жөнелтті. 4 бала қазір аталған ауруханада. Қалғандарын облыстық ауруханаға әкетіп жатыр.