Арыстағы жарылыс: "Бөген" су қоймасына қатысты ақпарат жалған


Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан «Бөген» су қоймасына қауіп туындағаны жайлы ақпарат жалған болып шықты.


«Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Дәл қазір Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия жарылыс болған орында. Оған арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқыққорғау органдары ТЖ аймағына келіп жеткен.



Облыс әкімінің тапсырмасымен, тұрғындарды Ақдала бұрылысы, 41 разъезд және Водозобор бағытында лагерльерге ораластыру жалғасып жатыр.


Еске сала кетейік, бүгін таңертең 9 шамасында Арыстағы оқ-дәрілер сақталған әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Оқиғадан 16 адам зардап шегіп, оның 3-і ауыр хәлде жатыр.


Осыған дейін жарылысқа қатысты толықтай шолу жасаған болатынбыз.