Арыстағы жарылыс: Тұрғындар өз балаларын таппай жатыр


Арыстағы жарылыстан соң тұрғындар өз балаларын таппай жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралуда.


Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзіне сенсек, жоғалған балалардың бірі табылған.







Жоғалған балалардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ кейбір мәліметтерге сүйенсек, ата-анасынан адасып қалған балалар мешітке табысталуда. "Ақмешіт" орталық мешітіне жеткізілген адамның саны 500-астам. Олардың 200-ге жуығы балалар. Балалардың көбісі балабақша жасындағы балалар. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасы босатылып, сонда орналастырылып жатыр.



Сонымен қатар, 12 арыстық бүлдіршін № 87 мектептегі эвакуациялық бекетке жеткізілді. Олардың есімдері: Өмірхан Гүлім, Өмірхан Нұрым, Бимбай Маржан, Досболат Медет, Мейіржанқызы Нурикамал, Өтеген Омар, Ахметова Камила, 3 бала есімдерін айта алмады. Аталған балалардың екеуін ата-анасы алып кеткен.


Естеріңізге сала кетсек, жарылыс бүгін таңертең Түркістан облысындағы Арыс қаласының әскери бөлімшесінде болды.


Айта кетейік, оқиғаның жай-жапсарын мына жерден толық оқи аласыздар.

Зардап шеккендер саны үздіксіз көбеюде.