Шымкенттіктер жарылыстан эвакуцияланған халыққа жаппай көмек көрсетуде


Шымкент қаласының тұрғындары Арыстағы жарылыстан эвакуциялан тұрғындарға жаппай көмек көрсетуде.


Қаланың орталық мешіті қазіргі уақытта Арыстан эвакуацияланған халықты қабылдауда. Қазір ол жерге эвакуация кезінде адасып қалған балалар жеткізіліп жатыр. Мешіт жанындағы қонақ үйді 2000-ға жуық адам паналады. Эвакуациялау шаралары әлі жалғасып жатыр. Ол үшін 105 автокөлік, 345 қызметкер, 75 арнайы техника, 51 қажетті құрылымдық қызмет күші тартылды.


Мешіт имамының айтуынша, жеткізілгендер мешіттің медресесі мен жатақханасына орналастырылуда. Арыс тұрғындарына Шымкенттіктер су, азық-түлік жеткізіп, барынша қолдау көрсетуде.


Қазірде қала бойынша 15 эвакуациялық бекеті ашылды. Әкімдік Арыс тұрғындарына төмендегі эвокуациялық пункттерінің көмегіне жүгінуге болатындығын айтады.








Еске сала кетейік, бүгін таңертең 9 шамасында Арыстағы оқ-дәрілер сақталған әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Оқиғадан 21 адам зардап шегіп, оның 3-і ауыр хәлде жатыр.


Осыған дейін жарылысқа қатысты толықтай шолу жасаған болатынбыз.