Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды


Арыс қаласындағы төтенше жағдай бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


«Аталған факт бойынша, ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімінде ҚР ҚК-нің 462-бабы «Қару-жарақ қолдану ережелерін бұзу, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Ораз.


Төтенше жағдай орын алған учаскеге ІІМ-нің 463 қызметкері мен 53 техникасы жеткізілді, сондай-ақ Шымкентте орналасқан Ұлттық Гвардиясының 6506 әскери бөлімшесінің 500 адамы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жіберілді.


Нұрділдә Ораздың хабарлауынша, полицейлер жоғалып кеткен балалар туралы ақпарат тексеріліп жатқанын айтты.


Сонымен қатар, ІІМ халықты тыныштық сақтап, жалған ақпараттарға сенбеуді сұрады.