Арыстағы жарылыс: Бір адам қаза тапты

Арыстағы жарылыс. 24 маусым 2019 жыл.


Арыс қаласындағы жарылыстан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Түркістан облысында өткен брифингіде Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.


Әкімнің сөзінше, тұрғынның көлігіне снаряд түскен.


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қаза тапқан адамның жақындарына көңіл айтты.

Ермекбаев жарылыс әлі жалғасып жатқанын, қауіп сейілмегенін айтты. Әскери қоймадағы жарылыс бірнеше күнге созылуы мүмкін.


«Радиациялық снарядтар болмады. Радиация қаупі жоқ», - деді министрі.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең Түркістан облысындағы Арыс қаласының әскери бөлімшесінде жарылыс болды.


Шымкент қаласындағы №1 ауруханаға қазір 21 адам жеткізілді, олардың арасында балалар да бар.


ІІМ Арыстағы жарылысқа байланысты Қылмыстық кодекстің "Қару және қауіпті заттарды сақтау ережесін бұзу" бабы (462-бап, 1-тармақ) бойынша іс қозғады.


43 мыңға жуық адам тұратын Арыс қаласы Шымкенттен 97 шақырым жерде жатыр.