Арыста адасқан балалар ата-аналарына тапсырылуда


ІІМ Ержан Тұрғымбаев Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған балалар ата-аналарына тапсырылып жатқаны туралы Үкімет отырысында айтты.


«Балаларға қатысты айтарым, Арыс қаласында жарылыс кезінде барлық балабақшалардан сәбилер эвакуацияланған болатын. Туған-туыстарында, таныстарында болған немесе адасып қалған балалардың барлығы табылып, ата-аналарына тапсырылды. Арыз-шағым жоқ», - деді Тұрғымбаев.


Жарылыс кезінде Арыста 18 мың бала білім алатын 40 мектеп пен бес мың бала тәрбиеленіп жатқан 40 балабақша жұмыс жасаған. Олардың ішіндегі 13 мектеп пен 29 балабақша қауіпті аймақта болғаны белгілі. Онда шамамен 15 мың бала болуы мүмкін. Олардың барлығы эвакуацияланғаны туралы хабарлануда.

 

Арыс тұрғындарын қабылдау орындары Шымкентте, Түркістанда, Сарыағаш, Қазығұрт,

Ордабасы, Шардара, Отырар аудандарында орналасқан.