Арыстағы жарылыс: Дүкен мен үй тонаған 3 адам ұсталды


Арыс қаласындағы төтенше жағдайда бір үй мен дүкенді тонаған үш қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін елордадағы Үкімет отырысында белгілі болды.


«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.


Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр.