Арыста 700-ге жуық тұрғын үй жөндеуден өтті


Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен  674 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.


Арыс қаласының тұрғын үй қорын жедел қалпына келтіру мақсатында әрбір өңір мен республикалық маңызы бар қалалар үшін 17 секторларға бөлінген. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 110 құрылыс компаниясы тартылған.



Жөндеу жұмыстары СҚО, Атырау облысы, Павлодар облысы, БҚО және Ақтөбе облысы секторлары бойынша жақсы қарқынмен жүргізілсе, ал Қостанай облысы, ШҚО және Алматы облысы секторларында жұмыстар баяу қарқын алуда.