Ерлан ҚАРИН, президент кеңесшісі: «Мен саясаттағы антагонизмге қарсымын»

Фото Саламат Аязбай


Сұқбат 26 мамыр күні жазылған. Осыдан кейін болған оқиғалар әсерінен сұқбатты жариялау орынсыз болып көрінген. Қарсылық шерулері, президент сайлауы, Арыстағы жарылыс, қоғамдық талқылаулардан кейін журналист Зарина Ахматовамен президент кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин арасындағы бұл сұқбат жаңа реңкке ие болды. Сұқбатта ол вокзалда түнегені туралы, кіші қызының дертімен отбасы болып қалай күресіп жүргені жайлы, Сирияға кетіп қалған қазақстандықтарды қайтару үшін әскери ұшаққа отыратыны жайлы, қай кезден бастап «либералды» көзқарасын жеңілдеткені жайлы және мемлекеттілікке келетін қауіптермен не үшін күресуі керектігі жайлы сөз қозғады.


Мен ұзақ уақыт ойша сұқбатқа келісіп жүрдім. Бірнеше жыл бойы жүйедегі осы адаммен сұқбат жасаған жөн болар еді деп ойлап жүрдім. Біздің таныстығымыз – саяси комментатор мен саясат және терроризм тақырыбында жазатын журналистің әдеттегі хикаясы. Бірақ оның өмірбаянындағы кейбір жайттарды анықтап білгім келеді. Олар классикалық саяси идеологтың портретіне жат көрінеді. Екі ай бұрын мен төмендегі сөйлемді құрастырдым: «Сізбен үлкен сұқбат жасасақ». Ол бірден келіседі. Көпшіліктің пікірінше, бұл оның жеке стилі. Ерлан Қарин ешкімге қарсылық білдірмейді. Бірақ келісімді орындау ылғи да қиын емес. Орын мен уақытты келісуге біраз уақыт кетеді. Өмірімде алғаш рет Нұр-Сұлтанға ұшып келдім. Осыған дейін Астанаға келіп жүргенмін. Кездейсоқ түрде Ерланның балалығы өткен Ақтөбеден ұшып келдім. Сұқбат менің кейіпкерімнің туған күнінде жазылған. Мен бұл туралы Facebook-тен ескертпе келгенде білемін. Бірақ кездесуді кейінге қалдырмаймыз. Әдеттегідей «сіздің айтқан әр сөзіңізді материалда қолдана аламын» деп ескертемін. Ол «шарттарыңыз көп екен» деп жымияды. Диктофонды мен бір жарым сағаттан кейін өшіремін. Сосын бірнеше рет қайта қосамын.


Зарина Ахматова: Сұқбатты бұлай бастау қызық, бірақ... туған күніңізбен!


Ерлан Қарин: Рақмет.  


Ахматова: Оқырмандарға ескертейін, мен шыныменде, сұқбат пен сіздің туған күніңіз бір күнде болатынын ойламаппын. Бірақ жексенбі болғасын...


Қарин: Иә, бүгін жексенбі, кешкі сағат 7.


Ахматова: Сіздің мерекеңіз ғой...


Қарин: … бірақ мен клубта да, караокеде де емеспін …


Ахматова: Туған күн тойлайсыз ба?


Қарин: Тойламағанмын. Тек жақын достарым қатты талап қоймаса. Бірнеше рет болған шығар. Мүмкін төрт рет. Арнайылап тойлағаным есімде жоқ. Жоқ, бір рет атап өттім. 40 жасымды, бірақ мерейтой болғаны үшін емес, керісінше, 40 жасты атап өтпейді ғой. Мен дайындалмағанмын, бірақ достарым бірнеше күн бұрын хабарласа бастады. Олардың басын қосқаным жөн деп шештім. Оның үстіне, туған күніме бір күн қалғанда егіз қыздарым дүниеге келген еді, соның бәрін бірге атап өткенді жөн көрдім.


Ахматова: Тамаша сыйлық!


Қарин: Егіз қыздың дүниеге келуі себеп болды.


Ахматова: Бірақ бүгінгі күн сіздің бірнеше минутқа тоқтап, қайда бара жатырмын деп ойлауыңызға себеп бола ма? Сіз бақытты адамсыз ба?


Қарин: Жоқ, мен бұлай ойланып отырмаймын.


Ахматова: Шынымен?


Қарин: Шынымен.


Ахматова: Жақсы, онда мен бақытты адамсыз ба деп сұрайын?


Қарин: Жақсы сұрақ. (Үнсіздік) Жалпы – иә.


Ахматова: «Жалпы»?


Қарин: Менде барлығы бар. Қызықты жұмыс. Кәсіби тұрғыда мен көп жетістікке жеттім. Армандар болды. Орындалды. Жоспарларым да, артығымен орындалды.


Ахматова: Сіз армандамаған дүние?


Қарин: Мен елестете де алмағаным... Мен кәсіби түрде ойлағанымның бәрі орындалды – кітаптар, зерттеулер. Мансапқа келсек – оған да ризамын. Әртүрлі бағыттарда жұмыс істедім. Отбасында – бәрі дұрыс. Біздің қамқор отбасымыз, тамаша балаларымыз бар...



Ахматова: Ең үлкені нешеде?


Қарин: 17. Сосын 16, одан кейін ұлым 14. Қызым – 9. Және егіздерім кеше үш жасқа толды. Бәрі дұрыс. Бақытсызбын деп айта алмаймын.


Ахматова: Неге ұзақ ойландыңыз? Кідіріс жасап барып, жауап бердіңіз.


Қарин: Себебі өмірде әртүрлі жағдайлар болады …


Ахматова: Қандай?


Қарин: Қысқасы, балаларға қатысты. Үш жыл бұрын Мәриям мен Сайия есімді егіздерім дүниеге келді. Мен ұзақ күттім. Олар мерзімінен бұрын дүниеге келді. Біз оларды реанимациядан шығарғанда, бәрі дұрыс болған. Анализдер де оңынан болды… Білесіз бе, мен бұл туралы көп айта бермейтінмін… Бірақ кейін кіші қызым Сафияның жағдайы қиындады. 10 күннен кейін оның хәлі ауырлады. Мен жұмыстан үйге келіп қарасам, түсі суып кеткен. «Жедел жәрдем» шақырдым, оны күтпей өзім аурухана апардым. Егер бір немесе жарты сағат кешігіп барсам, не болары белгісіз. Инфекция түсіп, интоксикация болып, ол реанимацияда аппараттың астында жатты. Өзі кішкентай, ана аппараттың астында… Мен жұмыстан кейін барып, жанында отырып, ол үшін сыйындым... Осындай жағдай да бәрі солай істейді ғой. Біз ауруханадан шығып, бір айдан соң тексерілуге барсақ, көзінде дерт болған. Әрі қарай зерттеп, мидан кисті тапты. Білетін адам, бұның өзгеріске әкелетінін түсінеді. Ауруға. БЦП (ДЦП), және тағы басқа… Мидың қай бөлігі бұзылғанына байланысты. Сафияның миында елеулі өзгерістер болғаны белгілі болды. Мен неге апарып соғатыны туралы сұрадым. Дәрігерлер бұл жағдайда БЦП (ДЦП) ең жаманы болмайтынын айтты. Басты сұрақ – бала тірі қала ма? Алдымен бізге 3 ай, кейіннен бір жарым жыл берді… Сосын кеңестер, консилиумдер басталды. 2016 жылдың жазы менің және отбасымның өміріндегі ең қиын кезең болған шығар. Біз жалғыз болып шықтық. Консилуимда бізге диагноз қойылғанда, бір дәрігер Қазақстандағы жалғыз жағдай деп айтты. Маған дәрігер келіп: «Сіздердің жағдайларыңыз туралы журналға жазсақ бола ма? Ерекше жағдай» деді. Мен әрине, бірінші кезекте мұндай жағдайлар қайталанбас үшін жазуларыңыз керек деп жауап бердім. Ал бізді жай ғана ауруханадан шығарып, үйге қайтарды. Содан бері бірде бір дәрігер хабарласып, біздің жағдайымыз туралы сұрамады. Біз күресіп келеміз, күресуге тырысамыз...


Ахматова: Өзгеріс бар ма?


Қарин: Иә, біз кіммен кездеспедік, кімге хабарласып, қандай емханаларға хат жазбадық. Мен келіншегіме үйді, көлікті сатып, қайда болсын апарамыз дедім. Дәрігерлерден миллиардтан, триллионнан бір мүмкіндік бар ма деп сұрадым. . Маған бір ғана үміт керек еді.


Ахматова: Бар деді ме?


Қарин: Жоқ.


Ахматова: Сіз не істедіңіз?


Қарин: Интуитивті түрде кітап оқыдық, іздедік... Менің келіншегім – мықты. Біз өз КҮРЕСІМІЗДІ бастадық. Сондықтан сіздің «Бақыттысыз ба?» деген сұрағыңызға мен иә деп жауап беремін. Бірақ ойланамын. Дәрігерлер бізге мүмкіндік бермей, ең жақсы жағдайда толық мүгедектік болады деді. Отыра, жүре, қолын қозғалта алмайтынын айтты. Бірақ біздің Сафия – мықты. Біздің отбасы бірікті. Ересек балалар Сафиямен ойнап, уақыт өткізді. Мен оларға оны алға жетелеу керектігін айттым. Өзім үшін түсінгенім медициналық емнен бөлек, психологиялық қолдауда маңызды екен. Ол байқалмайды, бірақ көмектеседі. Осы жүйе іске асып кетті. Қазір ол сүйкеніп жүре алады. Тілдесіп, сөйлесе алады. Кәдімгі балалар секілді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Тағы бір рет, мен бақыттымын ба? Иә, бақыттымын.


Ахматова: Мен әртүрлі жауап күттім, бірақ дәл мұндай емес.


Қарин: Мен өмірге, құндылықтар мен артықшылықтарға қайта қарай бастадым. Біз келіншегім екеуміз жақында оның жүре алуы, отыра алуы туралы армандағанымызды еске алдық. Сосын ол отырғанда, еңбектей алса дедік. Қасықты ұстай алса дедім... Өз-өзіне қызмет көрсете алса дедік. Сосын мен жарыма: «Біз алғыс айта алмайтын сияқтымыз? Тағдыр бізге мүмкіндік берсе, біз үстінен тағы сұрай бастаймыз» дедім. Бірақ біздің көп нәрсе сұрап жатқанымыз артық емес шығар? Қазір менің өмірімдегі жетістіктерді өлшеу өзге өлшеммен бағаланады.


Ахматова: Өзіңізді жалғыз сезіндім дедіңіз. Неге? Өзіңізді жат сезіндіңіз бе? Әлде айналаңыздағылармен бөліспедіңіз бе?


Қарин: Бөліспедім. Біз бұл туралы ешкім айтпадық. Мәні қандай? Әр адамның өз қиындықтары бар, менікі туралы айтып, оларға салмақ салудың қажеті қанша?!


Ахматова: Таныстарыңыз, көмек, білмеймін…


Қарин: Қайдағы таныс?! Бұл материалдық жағдайдың саған көмектесе алмайтынын дәлелдейтін дүние.



Ахматова: Көп адамдардан сіз туралы ақтөбелік бозбала радиодан естіген сөздерден кейін Ломоносов секілді пойызға мініп, Алматыға оқуға тапсыруға келіп, вокзалда түнеген деп естідім …


Қарин: Иә, ондай жағдайда болған.


Ахматова: Осы туралы айтып беріңізші.


Карин: Жоқ, мақтанып отырғандай боламын.


Ахматова: Айта беріңіз, мен сұрап тұрмын ғой. Сіз өзіңізді мақтап жатқан жоқсыз.


Қарин: Мұндай «батырлық» әңгімелерді ұната бермеймін.


Ахматова: Қараңыз, негізі мен сіздің портретіңізді көрсету қиын жұмыс екенін білгенмін. Сіз қарама-қайшы болмасаңызда, әр жақтысыз. Бірақ әртүрлі бөлшектерден жинап көру керек.


Қарин: Университеттен үйге келіп, радио тыңдап отырмын. Ал радиодан ҚазҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі Тілеміс Тілеуғабылұлы Мұстафин саясаттану – жас ғылым, жаңа кадрлар мен жас буын керек деген әңгіме айтып жатыр. Мен тыңдап отырдым. Мен мұнда не істеп жүрмін деп ойладым. Мен өзімнің ҚазҰУға тапсыру туралы ойыма неге оралмаймын? Менің бұрыннан бері шығыстану факультетіне түсу туралы арманым болған, бірақ, мен Ақтөбеде қалып қойдым. Алдымен мектепте, кейін кафедрада жұмыс істедім. Дегенмен онда ылғи келіспеушіліктер орын алатын. Жұмыс оңай болған жоқ. Үлкен әріптестерімнің бірімен сөзге келіп қалдым...


Ахматова: Меніңше, белгілі бір кезге дейін бұл сіз үшін қалыпты жағдай болды.


Қарин: Келесі күні университетке барып, уақытша демалысқа шығуға өтініш жаздым.


Ахматова: Демек импульсивтісіз.


Қарин: Білмеймін. Билет сатып алдым. Екі күннен кейін Алматыға тарттым.


Ахматова: Пойызбен?


Қарин: Пойызбен.


Ахматова: Екі күн?


Қарин: Екі күн. Келдім. Тоқтайтын жерім жоқ. Таныстарым да, туыстарым да, жоқ, ата-анамнан ақша да алмадым. Олардың алдында кінәлі болып көріндім.


Ахматова: О, осы оқиғаны айтып беріңізші.


Қарин: Әдеттегі жағдай. Студент кезімде бизнес жасап көргім келді. Ол кезде бәрі «бизнеспен айналысты» ғой. Мен де базарда темекі тасып саттым.


Ахматова: Содан?


Қарин: Нақты есімде жоқ, бірақ бір оқиғаға тап болдым… Бізге тиісті ақша берілмеді, біз қарыз алдық, сөйтіп...


Ахматова: Кәсіпкерлік туралы түсінген боларсыз?


Қарин: Мен жақсы кәсіпкер болар едім! Бірақ 90-жылдары бәрінің басында осындай жағдай болды. Мен қарызға кірдім. Ата-анамның қала сыртындағы жері мен үйін сату керек болды. Осыдан кейін менде отбасыма шығын келтіргенім үшін комплекс пайда болды. Сондықтан қалған бір жарым жылдық оқу кезінде мен үйде көп жұмыс істедім. Ұятты істі жуып, шайғым келді! Осының әсерінен ауруханаға да түстім. Жүректен болу керек. Өзімді кінәладым, қалайша, отбасымды... Бары осы. Ауруханаға үлкен ағам келіп, бәрі дұрыс, өзіңді қина ма деді. Мүмкін осы жағдай меніің болашақта өзімді үлкен авантюра мен ақшадан аулақ ұстауыма себеп болған шығар. Қысқасы, Алматыға жолға шыққанда ата-анамнан ақша алмаймын деп шештім. Ұят болды. Ойланып-ойланып вокзалда тоқтағаным дұрыс деп шештім. Онда түніне 200 теңгелік бөлме болған.


Ахматова: «Бірінші» әлде «екінші» вокзал?


Қарин: Алматы-1.


Ахматова: У-у-у.


Қарин: Ол жерде, иә… Қонақүй емес қой. Онда бөлме. Кірсең – шкаф та, душ та, ештеңе жоқ. Төсектер.


Ахматова: Ол кезде вокзалды елестетіп отырмын.


Қарин: Сұмдық болды. 96-жылдың наурызы. Бірақ маған бұл қалыпты жағдай болып көрінді. Мен тым тәкаппар емеспін. Сол жерде тоқтадым. Үлкен қара сөмкемді сақтау камерасына қойдым. ҚазҰУға барып, кафедраны таптым. Кірдім. Хатшы: «Сіз кімсіз?» – «Мен аспирантураға түсу туралы Ақтөбеден келдім» - «Күте тұрыңыз».


Ахматова: «Радиодан естідім» дегендегі оның түрін елестетіп отырмын.


Қарин: Осылай күнде күте бастадым! Күнде! Таңнан кешке дейін дәлізде тұрдым.



Ахматова: Сонда кездесуге кіре алмадыңыз ба?


Қарин: Бастықтың қолы бос емес, сабақта, жиналыста, күтіңіз дейді.


Ахматова: Бұл енді…


Қарин: Сол үшін осы әңгімені айтқым келмейді. Мен төзімді «батыр» болып көрінемін.


Ахматова: Бірақ мұны біледі ғой. Мені дәлізде көрген адамдар шығар.


Қарин: Бір күн өтті. Екінші күн. Мен қыдырып, шарап ішіп, кабактарды араламай, бір жерде ғана болдым. Күтіп тұрдым. Хатико сияқты. Коридорда.


Ахматова: Сіз ылғи да жұмсақ әрі жайлы интонациямен сөйлесесіз. Сізді ашуландыру мүмкін емес сияқты. Маған қызығы, сіз 8 сағат дәлізде тұрсыз. Қандай эмоциялар болды? Ашу? Агрессия? Қандай? Неліктен үн-түнсіз күтіп тұрдыңыз?!


Қарин: Жоқ, сіз түсінбейсіз. Бұл арман болды ғой! Мен газеттерді жинап, тақырыпты зерттеп, авторларды оқыдым. Менің газет материалдарын қиып, жинайтын үлкен дәптерім болды.


Ахматова: Яғни ҚазҰУдағы сол дәліздің арғы бетінен жарық көрдіңіз ғой?


Қарин: Мен ҚазҰУ-да аспирантурада оқығым келді.


Ахматова: Ашу болған жоқ па?


Қарин: Басында болмады. Бірінші, екінші, үшінші күн. Ақша таусыла бастады. Мен қатты үнемдедім. Түскі ас пен кешкі асқа бәліш сатып алатынмын. Сосын кері қайтуым керек.


Ахматова: Демалыс бірдемде өтіп кетті.


Қарин: Мен онда дүйсенбіден жұмаға дейін тұрдым. Қайтарға билетім бар. Автобусқа жол жүру билеті 7 теңге. Менде тура 14 теңге қалды. ҚазҰУ-ға троллейбуспен жетіп, кері қайтқанға. Ол кезде қатты алаңдамадым. Билет бар, бірақ жейтін ас жоқ. Бір мәнісі болар деп қоямын.


Ахматова: «Миминодағыдай»? Әуежайға дейін қолтырауынмен бірге жаяу барады?


Қарин: Иә! Менде де тура осындай жағдай болды. Маған бастысы кездесу болды. Қысқасы, соңғы күн. Мен өзімнің сақтау камерасынан алған үлкен қара сөмкеммен ҚазҰУ-ға бардым. Маған тағы да «Күтіңіз» деді. Сол кезде ашуландым. Қатты ызам келгені есімде.


Ахматова: Яғни...


Қарин: Хатшыдан өтіп, есікті қақтым: «Кіруге бола ма?». Тілеміс Тілеуғабылұлы маған қарап: «Сізге күтсін деп айтқан шығар?» деді. Мен: «Қанша күтуге болады. Бес күн болды. «Бес» деймін. Ол: «Содан?» деп аң-таң болып, жүзіме қарап тұр. Мүмкін мен туралы білмеген шығар. Білмеймін. Мен оған ашуланып: «Бәріңіз осындайсыздар! Радиодан басқаша сөйлейсіздер. Мен тыңдап, осында келдім. Ол жай ғана сөздер екен» дедім. Ол күліп жіберіп: «Келе ғой. Айта бер» деді. Мен Тақырыпты айтып бердім. Ол мені мақтап, қытай тілін білмегендіктен тақырыпты өзгерту керектігін айтты. «Жақсы, тақырыпты ойлан, тамызда тапсырасың, тапсыра алсаң, түстің» дейді. Маған бұл сөздер бәрімен келісіп қойғандай естілді. Бақытты күйде «Жарайды!» деп шықтым. Содан кері қалай қайтамын деп ойландым. Эйфория күйінде жүріп, бір оқытушыны көріп қалып: «Менің жағдайым ыңғайсыздау болып тұр. Қайыр тілеп тұр екен деп ойлап қалмаңыз. Маған екі күн жол жүру керек, ал қалтамда ақша жоқ» дедім. Біраз тұрып: «200 теңге бар, жете ме?» деді. Мен: «Бұл тіптен көп болады» деймін. Ол 200 теңге берді. Қазіргідей есімде екі бөтелке су, алма және екі нан алып, үйге жеттім. Үйде дайындалып, тамызда қайтып келдім. Біраз уақыт вокзалда, кейін досымның үйінде тұрдым. Осы екі аптада емтихан тапсырдым. Қарашада менің оқуға түскенім туралы хат келді. Алматыға келдім.


Ахматова: Вокзалға.


Қарин: Иә. Дәл сол кезде менің үлкен ағам Талдықорған жақтағы Сарыөзектегі зениттік-зымыран полкінде әскери қызмет етті. Біздің үйдегі идеалист, әрі, романтик сол. Ешқандай сарказмсыз, ол менің ағам – Бектұрған. Ол бала кезінде операцияға түсіп, кеудесі толған тыртық. Әкеме: «Дәрігер болғым келеді» деді. Бала кезден дайындалып, Медакадемияда алты жыл оқыды. Мектеп кезінен дене шынықтырудан босатылған. Бірақ бұған қарамастан, әскери кафедрада курстан өтіп, лейтенант шенін алып, жұрт әскерде қашып жатқанда өз еркімен сонда кетті. Ол кезде бәрі «қашатын», ал ағам бір емес, үш жылға әскерге кетті!


Ахматова: Неге? Отанды қорғау үшін?


Қарин: Ол - идеалист. Вокзалдан әскерге шығарып салғанда, бұрынғы офицерлік рухтың қайта көтерілуіне үлесін қосқысы келетінін айтты...


Ахматова: Борышын қандай көңіл-күймен өтеді?


Қарин: Бір жылдан кейін сағат түнгі 12 шамасында Сарыөзекке барып, оны гарнизоннан таптым. Аймақты аралап, жоғары офицерлік құраммен бірнәрсе тексеріп жүрді. Оның жауапкершілігі мол… Ол туралы ұзақ әңгімелей аламын. Мен оны мақтан тұтамын... Ол басқа...


Ахматова: Дәрігер болды ма?


Қарин: Иә, ол елдегі бас неонатологтардың бірі. Есімде қалғаны мен оған барғанда, бушлатында Шекспирдің томы болды. Мен: «Бекен, сен романтик әрі идеалистсің... бірақ қалай?!» Өзіңіз ойлаңыз 90-жылдар, тоқырау, маскүнемдік, біреу ішіп, біреу ұрлық жасап, қоғам депрессияға түскен. Ал ол... кітап оқып жүр. Шекспирді!


Ахматова: Сарыөзекте. Шекспир сонеттерін күтпейтін жер сынды. Оның кейін көңілі қалып қоймады ма?


Қарин: Иә, мүмкін көңілі қалған шығар, бірақ ол әлі күнге сол идеалдармен өмір сүреді. Ол кезде де өз ойын түсіндіре алатын… Мен Алматыға келгенде, ол мені вокзалдан күтіп алды. Вокзалда лагман жеп, қала орталығында қыдырып, менің аздаған ақшама киім-кешек алдық. Мен оны «Саяхаттан» шығарып салуға бардым». Ол: «Қазір қайда барасың?» дейді. Мен достарыма, уайымдама деймін. Ол кетті. Мен алғаш рет қалада жалғыз қалып, әрі қарай не боларын білмедім. Мен де тіпті жоспар жоқ қой. Қайда барам? Сосын өзімнің сүйікті вокзалыма бардым. Бір досыма хабарласып, үйінде тұру туралы айтып көрмек болдым. Ол бір аптадан соң, хабарлас деді. Жатақхана бөлініп қойған. «Б» жоспары. Дұрыс. Вокзал.


Ахматова: Онда ұзақ тұрдыңыз ба?


Қарин: Екі аптадай. Сұмдық. Ал маған ақша үнемдеу керек. Сол үшін бір түнде 20 адам ұйықтайтын бөлмеде жаттым. Онда адамдар бірнеше сағатқа ұйықтауға келеді.


Ахматова: Контингент қандай болды?


Қарин: Әртүрлі. Менің әртүрлі адамдармен тіл табыса білуім...


Ахматова: Сол жерден? Солай ғой? Бұл әрине... тарих.


Қарин: Иә. «Ту мач» оқиға. Бірақ алғысым шексіз.


Ахматова: Сіз қорықпайсыз ба? Әлде мұны қалай түсінуге болады...


Қарин: Аздаған авантюризм бар ғой.


Ахматова: Сол кезден бері қатты өзгердіңіз бе?


Қарин: Иә... сәл ғана... тәкаппарландым.


Ахматова: Жоқ, вокзалда оқисыз ба деп сұрамаймын. Авантюризм туралы.


Қарин: Ол кезде мен шешімді оңай қабылдайтынмын. Бірақ қазір жауапкершілік – балалар бар. Физикалық жағынан да қиындау. Бөлмеде мен күнара ұйықтадым. Бір күні сонда, бір күні күту залында. Орындықтарда, онда жата алмайсың, қол қоятын жерлер бар...


Ахматова: Бұл Вуди Алленнің трагедиялық түрі.


Қарин: Бұл – ақша! Мен үнемдеген ақша. Контингент әртүрлі. Адамдар да әр қилы... Сен отырасың, ал «серіктестерің» ауысады. Кино, иә. Адамдар, тағдырлар, ұстаз, дәрігер, ақымақтар. Бірақ бірнеше аптадан кейін мен жатақханадан орын алдым. Бірақ басында екі көршім болды.


Ахматова: Вокзалдағыдан аз.


Қарин: Қазір күлкілі көрінетін жағдайларда болды. Мен сырттан келсем, олар төсекте отыр. Менің төсегімде. Ашуландым.


Ахматова: Сіздікі – ол сіздікі?


Қарин: Менікі – ол менікі. Бәрінде төсек бар. Бірақ олар дәл менің төсегімді үстелге жақындатып, ішімдік ішіп, шылым шегіп отыр. Мен бөлмеде шылым шеккенді ұнатпаймын. Бұл, біріншіден.


Ахматова: Сіз шылым шекпейсіз бе?


Қарин: Байқап көргенмін. Бірақ мұндай жағдайларды ұнатпаймын. Олар бізге кел деп отыр. Жігіттік пікір бойынша қарсыласпай отырдым. Шыдап отырмын, ішімнен күйіп барам.


Ахматова: Мен жатақханада тұрған емеспін, бірақ ондағы қалыпты жағдай секілді көрінеді. Сізге не ұнамады?


Қарин: Олар менің достарым емес. Себеп жоқ. Жәй ғана бассыздық. Маған: «Сөз сөйле» дейді. Шу шықты. Олар масайраған. Біз текетірестік. Ол кезде сәл тез ашуланатынмын.


Ахматова: «Сәл ғана».


Қарин: Бірнеше айдан кейін олар көшіп кетті. Осы жағдайдан кейін мен бір жарым екі жылдай жалғыз өзім тұрдым.



Ахматова: Көшім келгеннен кейін қай кезде өзіңізге риза болдыңыз? Мақсатыңызға жеткеніңіз туралы. Тақырып қорғаған кезде ме?


Қарин: Жоқ, оқуға түскеннен бірнеше ай өткенде. Ол кезде жұмыс жасап, ақша табу керек болған. Газеттерге мақала жаза бастадым. Менің «Панорамада» мақала жарияласам деген арманым болған. Ақтөбеде тұғанда Нұрболат Масанов пен Ярослав Разумовты оқығанды жақсы көретінмін. Мен алдымен саяси шолушы болғым келді. Әртүрлі редакцияға мақалаларымды апардым. Дәл сол кезде Алматыда осы кезеңдегі өте мықты think tank атты даму институты болды. Бірақ маған менің өңірлік біліміммен ол жерге тұру мүмкін емес болып көрінді. Бірақ құжаттарымды өткіздім. Менің сұқбаттасуға шақырып, мен өтіп кетті. Өз пікірімше, қазақ тілінің арқасы деп ойлаймын.


Ол жерде тағы бір қызық бар. Жұмысқа аларда қолдан келетін істер туралы сұрайды ғой. Мен бәрін жасай аламын деймін. Компьютерді де білемін. Ал мен олдскулмын, ол кезде бәрін қолмен жазып, әкемнің баспа машинасында жазатынмын. Әкем өз кезінде жазушы болған. Бірақ мен сенімді түрде компьютер білемін деп жауап бердім.Мені қабылдады. Мен келіп, Дос Сәтпаевты көрдім. Үстелдеріміз қатар тұратын, сол жерде танысқанбыз. Маған бір қысқа мақала жазуға тапсырма берді. Мен алғаш рет сұқбатта мойындап отымрын... компьютерде қалай қосу керектігін де білмедім. Шын айтам. Ұят болса да, мен қалай бастау керектігін білмедім. Түске дейін кітапханаға барып уақыт өткіздім. Түскі асты күтіп, бір қыздан көмек сұрадым. Ол: «Жарайды» деді - «Түскі ас кезінде». – «Жақсы». Бәрі кеткенде, ол көрсетіп, мен негізгі операциялармен word ашуды үйрендім. Бір жарым сағатта компьютерлік сауаттылық курсынан өттім. Ол кезде көп жоба алатынмын. Түнде жұмыс жасадым. Әкем ұйқыны қандыру туралы айтқан, бірақ мен ақылды тыңдамадым. Мен сағат 8-де жатақханаға барып, макарон қайнатып, кешкі ас ішіп, бутерброд алып, жұмысқа қайтып келіп, таңғы 4-5 дейін жазатынмын. Үстелде ұйықтаймын, таңғы 6 тазалықшы келіп, Валя тәте, болу керек, оятатын. Жатақханаға келіп, душ, шәй... Осы режиммен жұмыс жасадым.


Ахматова: Мұның бәрі тамаша, әрине. Бірақ бұл кезеңнен ауысуға тура келеді. Біз қазіргі жағдай туралы сөйлеспесек болмас. Менің естігеннен түсінгенім, Ерлан Қарин –жүйеге қарсы шығып, әділдік үшін күрескен идеалист. Қазір басқа бағытқа ауысқан кезде, сіз сол бозбаланы еске аласыз ба?


Қарин: Мен бұл жерден ешқандай қарама-қайшылық көріп тұрған жоқпын. Мен нақты ғылымға немесе саясатқа қызыққан емеспін. Осылардың ортасында болған шығар. Мүмкін басты мақсаттарымды дұрыс құрмаймын немесе нақты мансаппен, яки, ғылыммен айналысу керек болар. Мен әртүрлі бағытта жұмыс істегім келді. Кейін бөлісуге болатын тәжірибе жиғым келді. Бірақ мен нақты шешім қабылдамадым.



Ахматова: Ал ішкі жан-дүниеңізде кім екеніңізді түсіндіңіз бе?


Қарин: Ғылымда мен көбіне академиялық зерттеуші емес, ізденушімін. Ал саясатта мүмкін… Жоқ. Саясатта мен сарапшы болғым келген, бірақ кейін осылай болып қалды.


Ахматова: Бірақ қазір сізді саясаттан тыс деу мүмкін емес. Кешіріңіз, сіз президент кеңесшісісіз.


Қарин: Енді сіз мен өзіммен келісімге келдім бе деп сұрап тұрсыз ғой?


Ахматова: Сізді жүйенің адамы деуге болады ғой?


Қарин: Енді қаншама жыл жүйеде жұмыс жасап келемін. Сондықтан, әрине - иә.


Ахматова: Сіз саяси мансабыңыз үшін ардан аттап көрдіңіз бе?


Қарин: Меніңше, құдайға шүкір, ондай жағдайлар басымнан өтпеді. Мүмкін бәрін жақсылық үшін жасаймын деген ішкі пікір бар шығар. Ойымда мен бәрін жақсылық үшін, ізгі, үлкен бір мақсат үшін істеймін деген пікірім бар.


Ахматова: Қандай мақсат, Ерлан?


Қарин: Мысалы, елдің дамуы.


Ахматова: Сіз бұған сенесіз бе?


Қарин: Сенемін. Ол сенімсіз – ешнәрсенің мәні жоқ. Саясатта мен аздап идеалистпін. Мысалы, адамдар саясатты әртүрлі қабылдайды – ойын, күрес... Меніңше, саясат – жаратылыс. Сен саяси процесске бірнәрсе құру үшін түсесің. Мен үшін саясат – үлкен шаруларға өзгеріс енгізу мүмкіндігі.


Ахматова: Сөзбе сөз болмаса да, сіздің досыңыз Досым Сәтпаевтың сөзін келтірейін. «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» акциясына алматылықтар пікір білдіргеннен кейін ARTиШОК театрында болған әділ сайлау туралы пікірталасқа қатысқан болатын. Қоғамда оған президенттік сайлауға түсу туралы ұсыныстар айтылады, ол әзілмен жауап береді. Ол жаңағы пікірталас кезінде президенттікке түсуге 5 жылдық мемлекеттік қызметте болу шарты бекер еместігін айтты. Осы уақыт ішінде біреу былыққа батады. Әр адамға жемқорлық тізбегінің мүшесі ретінде компромат болуы, жүйедегі сөйлесу тілі іспеттес деді…


Қарин: Білемін, менің оның пікірін оқыдым


Ахматова: Оның позициясы сіздікінен бөлек. Сіз оның позициясына қалай қарайсыз?


Қарин:. Жүйеде адам өте көп, саясат қалай айтуға болады... саясат каста болудан қалған. Бұл дөңгелек емес...


Ахматова: Таңдалған адамдардың кастасы дегіңіз келеді ғой?


Қарин: Иә.


Ахматова: Яғни сіз жүйе жаңа өзгеріске ашық дегіңіз келеді ғой?


Қарин: Әрине, ашық, көптеген адамдар кәсіби шебер болғасын жүр. Олар кәсіби адам ретінде сұранысқа ие.


Ахматова: Ал егер олардың саяси көзқарасы жүйедегі көзқараспен мүлдем сәйкес келмесе ше?


Қарин: Бізде әртүрлі идеология жоқ. Оңшылдар немесе солшылдар деген сияқты.


Ахматова: Жоқ. Бізде жоқ. Меніңше, бізде спектр шектелген.


Қарин: Бізде классикалық түрде алғанда құндылықтар мен идеологияға бөліну деген жоқ…


Ахматова: Менің не туралы айтып тұрғанымды түсінесіз ғой, Ерлан.


Қарин: Жоқ.


Ахматова: Түсініп тұрсыз ғой. Қазіргі элитамен келісе бермейтін адамдар жүйеге кіре ала ма?


Қарин: Кіре алады.


Ахматова: Егер көзқарастары өзгерсе?


Қарин: Жоқ, ол шарт емес. Өзіңді немесе өзгелерді жеке пікірге қайшы келетін дүнелер істеуге қинаудың қажеті жоқ. Жүйенің ішінде жақсы дүниелер жасалып жатыр. Бұл көптеген адамдардың өздерін пайдалы сезінуіне көмектеседі. Мен осы жүйеде жұмыс істей отырып, ешқандай қолайсыздық сезінбеймін...


Ахматова. Ешқандай?


Қарин: Даулы мәселелер кезінде болады... бірақ жүйенің ішінде де пікірталастар болады. Көптеген шешімдер сол пікір алмасу нәтижесінде қабылданады. Сондықтан мұндай бөліністі мен байқамаймын.


Ахматова: Досыңыз Досым Сәтпаевпен саяси тақырыпта келіспеушіліктер немесе пікірталастар болды ма?


Қарин: Көбіне біз саяси тақырыпқа бармаймыз.


Ахматова: Болды ма, жоқ па?


Қарин: Жоқ.


Ахматова: Досым әрдайым сіздердің достық қарым-қатынастарыңыз туралы айтады. Бірақ менің білуімше, сіздер екі түрлі жолға түстіңіздер ғой?


Қарин: Жоқ.


Ахматова: Олай деп ойламайсыз ба?


Қарин: Меніңше, оның өз түсінігі бар, менің өз түсінігім бар. Бірақ қызығушылықтарымыз ұқсас, біздің ортақ тақырыптарымыз бар.


Ахматова: Ол – принциптің адамы.


Қарин: Ол – өте принципшіл. Мен оны осы мінезі үшін құрметтеймін.


Ахматова: Ол сіздің өлшеммен алғанда ашық әрі анық сөйлейді.


Қарин: Иә, бірақ біз көзқарас немесе позиция үшін дауласып көрмеппіз. Менің көзқарастарым онымен сөйлесуге кедергі келтірмейді. Себебі біз елдің ортақ мүддесін ойлаймыз.


Ахматова: Қараңыз, тексерілмеген маршрутпен жүрмейтін, көп адаммен кездеспейтін, мынадай сұқбаттар бермейтін жабық элита адамдары туралы бәрі түсінікті. Ал сіздің жағдайда басқаша. Сіздің жаңа қызметіңіз туралы Ринат Балғабаев: «Енді президент кеңесшісі бәріміздің танысымыз» деп жазды. Бұл – шындық. Сіз әрдайым көптеген адамдармен байланыс орнатасыз. Өмірде де осылай ма, әлде, мансабыңызды осылай құрасыз ба, бірақ...


Қарин: Мен антагонизмге қарсымын. Бұл маған көмектеседі.


Ахматова: Тоқтаңыз. Жаңағы адамдар журналистермен, қарсыластарымен, оқырмандарымен сөйлеспейді және бәрі түсінікті. Ал сізге қатысты сұрақтар туындайды. Олардың туындамауы мүмкін емес. Сіз ашықсыз, сіз ашық адамның рөлін ойнайды демей-ақ қояйын, бірақ сіз ашық болғасын, сізге талаптар да қаттырақ, Одан да Олимпте отырған жақсы емес пе?


Қарин: Шынымен ол ең жеңіл жол.


Ахматова: Неге сол жолды таңдамадыңыз?


Қарин: Бұл менің стилімде емес, біріншіден. Кейде болып тұрады. Негізі қазіргідей түсіндіріп берген жақсы…


Ахматова: Түсіндіріп көріңіз.


Қарин: Көптеген саясаткерлерде дилемма болады. Ашық немесе жабық түрде жұмыс істеу. Тағы бір жағдай – адам өзін жарнамалайды немесе жарнамаламайды. Мен де мұндай мәселе жоқ. Жеке пиармен айналысқым келмейді.


Ахматова: Тоқтаңыз. Сонда сізге барлық адамдар қызық па? Сіз бір кездері қамауда болған Серікжан Мәмбеталинді Facebook-те құттықтайсыз. Ұлтшылдар аталатын топпен амандасып, эфирге «оппозиционерлерді» шақырасыз. Әр саяси топта сізге жақсы көзқарастағы адам табылатын сында. Тікелей сұрайын – бұл саяси есеп пе?


Қарин: Жоқ. Бұл қалай есеп болады?


Ахматова: Онда не үшін?


Қарин: Есеп туралы айтатын болсақ, ашық болу керісінше, көбірек кедергілер әкеледі. Бірақ мен, біріншіден, адами қарым-қатынас принциптерінен айырылып, оларды құрбан еткім келмейді. Оған қоса, мен өзім келісетін және келіспейтін мәселелерді бөліп көрсетуге тырысамын! Бұл өте қарапайым. Жақсы, мен сізге түсіндірейін. Мен барлығын жоққа шығаруға қарсымын, саясатта болсын, басқа салада болсын. Qazaqstan телеарнасындағы жұмысым арқылы түсіндірейін. Мен жұмысқа келгенде Молданазар, Ninety One, Мархаба Сәби сынды жаңа музыка толқындары көрсетілмейді деп сұрадым. Маған болмайды, біздің аудитория консервативті деп жауап берді. Менің позициям аудитория алға жылжып, жаңа дүниелерді сіңіру керек. Жақсы, Ninety One-ды консервативті аудитория қабылдамайды. Бірақ жасөспірімдер тыңдайды, демек оның өз себебі бар. Мен олардың музыкасының фанаты емеспін. Мен оларға Ninety One-ның бір әні ұнамағанмен келесі әні ұнауы мүмкін деген ойды түсіндіргім келді. Барлық музыканы жоққа шығаруға болмайды ғой.


Ахматова: Ол енді – Q-pop…


Қарин: Саясатта да осылай. Сіз ұлтшылдармен сөйлесу туралы айтып жатырсыз. Иә, мен кей пікірлермен келіспеймін, бірақ рационалды жағы да бар ғой. Олардың идеологиясындағы жақсы дүниелерді неге қабылдамасқа. Тек кей пікірлерді жағымсыз шыққаны үшін бұл алаңды, көңіл-күй мен өтінішдерді жоққа шығару жөн емес. Мен көп нәрсеге рационалды көзқараспен қарауға шақырамын. «Олар – жау!» деген антогонистік пікірге емес.


Ахматова: Бұл философиялық қабылдау жүйесі. Сіз барлық сұраққа осылай жауап бере аласыз ғой?


Қарин: Бәріне деп айта алмаймын.



Ахматова: Өмірде, оның үстіне саясатта таңдау жасайтын кезеңдер көп болатын сияқты. Өте айқын таңдау. Сен антагонизмді ысырып қойып, балды да, балқаймақты да таңдай алмайсың. Мұндай жағдайларға жоспарыңыз бар ма?


Қарин: Білмеймін. Меніңше, барлығын сіңіріп, бәрін жоққа шығарудан аулағырақ болған жөн. Осындай не қара, не ақ деп қабылдаудан кезіндегі барлық қауіпті заттар пайда болған – большевизм, радикализм, репрессия…


Ахматова: Сіз қазір қауіпті жаққа өттіңіз. Бүгін сіздің «Я вас услышал» подкастындағы Ася Төлесовамен пікірталасыңызды көрдім. Ол бірнеше рет әділ сайлауға шақырғаны үшін 15 күнге қамау дұрыс емес деп айтты. Бұл жерде қамауға болады немесе болмайды деген таңдау жоқ қой. Осы қарапайым мысал. Осы кезде антагонизмнен қалай арылуға болады?


Қарин: Әрине мен қолданатын формула әмбебап емес, ол көмектеспейді, бірақ...


Ахматова: Сізге сөз жоқ, Ерлан.


Қарин: Сіз күлесіз, бірақ сіздің сұрағыңыз бас кезінде менің әртүрлі топтармен сөйлесуім кедергі емес пе? Жоқ, кедергі келтірмейді.


Ахматова: Мәселеде болған жоқ па?


Қарин: Жоқ. Бірақ соған қарамастан, жабық болуға болатын еді, ешкіммен сөйлеспей. Бірақ бұл маған ұнамайды.


Ахматова: Неге ұнамайтынын білесіз бе?


Қарин: Ой, білмеймін. Мүмкін басында мінез, қарым-қатынас солай қалыптасқан шығар.


Ахматова: Ал неге сіз бұлай өмір сүресіз?


Қарин: Бұл жерде мен осы мінезіме түсіністікпен қараған үлкен әріптестеріме алғыс білдіруім керек. Мысалы, мен Нұр Отанда жұмыс жасағанда галстуксіз, джинсымен жүріп, «Время» газетіне сыни мақалалар жазып жүрдім. Және оған түсіністікпен қарады. Мен билік пен қоғамда сөйлесу мәдениеті болғанын қалаймын. Біз пікір алмасып, кей жағдайлармен келіспеуімізде мүмкін. Бүгін мені туған күніммен министрлер мен әкімдер де, оппозиция өкілдері де, оппозициялық газеттің редакторлары да құттықтап жатыр. Бұл маған контекстке кеңінен қарауға мүмкіндік береді. Иә, мен билікті сынайтындар пікір ламасқаным үшін кейде келеңсіздік тууы мүмкін. Бірақ мен әртүрлі контексті көремін. Бұл билікке де ыңғайлы себебі пікір алмасу кезінде мен әртүрлі көзқарастарды бағалай аламын.


Ахматова: «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядан қайтқан үш ұшақ (сұқбат кезінде, үшінші гуманитарлық операция туралы ақпарат болмаған – З.А.). Менің түсінгенім бойынша бұл сіздің араласуыңызбен шешілген мәселе?


Қарин: Мен қатысушылардың бірімін делік. Бұл оқиғаға қатысқаным үшін мен іштей тағдырға алғыс білдіремін. Мен ұзақ уақыт бойы терроризм тақырыбын зерттедім. Мен үшін бұл маңызды. Досым мені құттықтап, бір фильмді еске түсіріп: жұлдыздарды алыстан қарайтын астрономдар мен оларға қол жеткізгісі келетін астронавтар бар екендігін айтқан.



Ахматова: Сіз – астронавтсыз?


Қарин: Маған жағдайға ену керек. Өткен күзде ҰҚК басшылығы қатысуға ұсыныс жасап: «Қорықпайсың ба?» дегенде, - «Жоқ, маған қызық» деп жауап бердім. Менің екі мақсатым болды. Біріншісі - ұшақтың ішінде адамдармен сөйлесу. Кейде колонияларға барып, экстремизм үшін сотталған адамдармен кездесемін. Бірақ бұл ұзақ уақыт алады. Бір адаммен сөйлесу үшін екі-үш күн кетеді. Ал мұнда аз уақыт ішінде үлкен материал жиюға мүмкіндік бар. Екіншіден, операцияға бірнеше күн қалғанда маған қайтыс болған туыстарының балалары Сирияда қалған әйел адам шығып, оларды елге қайтаруға көмек сұрады. Жеке мақсат пайда болды.


Ахматова: Қарапайым әйел?


Қарин: Ол интернеттен менің жазбаларым мен сұқбаттарымды көрген. Алдымен мен онымен кездесіп, сол кезде Ринат Балғабаев пен Айзат Құсайынов бірігіп, сол жақтағы әйелдер мен балалар туралы деректі фильм түсірмек болғанбыз. Бірақ әдеттегідей мен онымен кездесіп, оның оқиғасына кіріп кеттім. Олар қамауда емес, ДАИШ (ИГИЛ) құрамында болған.


Ахматова: Оны өзіңіз анықтап білдіңіз бе?


Қарин: Жоқ, ол жақтан хабарласып, қайда, кіммен екендерін ашық айтқан. Бірақ мен ол әйелге what's app арқылы сөйлесуге кеңес бердім… сөйлесу туралы ғана емес, мен ол әйелге жаңағы адамдарға ақша жіберіп тұру туралы айттым. Олар соны күтеді ғой. Ол кезде балалар күрдттердің немесе биліктің қолына түсіп, біз оларды қайтара аламыз деген мүмкіндік болған жоқ. Түркиядағы ҚСЗИ-дағы (Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институты –З.А.) байланыстарым арқылы шығаруға болады деп ойладым. Сосын жағдай өзгере бастады. Мен оларды отрядттар жаққа өтіп, біз оларды әкету үшін берілуге шақырдым. Оқиға ұзаққа созылды. Жаңа жылға баз уақыт қалғанда олар Сирияның солтүстігіндегі қашқындар лагеріне келді.


Ахматова: Елге оралды ма?


Қарин: Жоқ әлі, бірақ жақында келеді. Сұқбат шыққан кезде оралады деп ойлаймын. Келесі топтың тізімінде бар… Шын айтайын мұнда менің зерттеуге деген қызығушылығым басымырақ. Сосын осындай іске өз еңбегіңді сіңіргің келеді. «Жусан» - менің нағыз мықты жобаға араласып, онымен мақтана алатын ісім. Өмірде жақсы дүниелер жасағың келеді ғой.


Ахматова: Бұл шынымен үлкен тақырып – бөлек материал дайындау керек.


Қарин: Иә, бұл үлкен тақырып. Мен үшін «Жусан» жеке өмірімдегі де үлкен іс болды. Соңғы үш жылда әйелдер мен балаларды елге қайтару туралы іспен айналыстым. Бірнеше материал дайындап, Стамбұлға барып, радикалдармен байланыса алатын бір қор арқылы әйелдер мен балалардың тізімін алуға тырыстым. Телеарнада істеп жүріп, осы тақырыпты зерттеп, жаңағы әйелге көмектестім. Осы кезде үйде де мәселелер туындады. Ұлыма қатысты, жасөспірім болғасын. Біз жиі дауласатын болдық, қызым ауырып жатыр... сосын бір күні ол сыныптасымен төбелескен. Ол жағдай есімде. Дәл сол күн. Мен не істеп жүрмін деп ойладым. Басқа адамдарды, балаларды құтқарамын... Мүмкін өз балаларыма, отбасыма қарауым керек шығар... Бұл жағдай ең алдымен жаныңдағыларға қамқор болу керектігін үйретті. Мүмкін біз жақындарымыз үшін жауапкершілік арта алсақ, мұндай үлкен мәселелер болмас та еді.


Ахматова: Бірақ сіз ұшып бардыңыз.


Қарин: Иә, мені күйдіретін аздаған авантюризм қалып қойған. Менің жасымда, алты балаң бола тұра өзіңді бұлай ұстауға болмайды. Ұшар алдында мен өмірімді сақтандыру туралы ойладым. Әскери ұшақпен көтерілген кезде сақтандыру керек еді деп ойладым. Бірақ келіншегіме бұл туралы қалай айтамын. Осыған дейін Ауғанстанға барғаныма үйде мені кінәлайтын. Мен Ауғанға бармаймын деп уәде бергенмін.


Ахматова: Ал Сирия туралы келісім болған жоқ!


Қарин: Мүмкін бұл дұрыс емес шығар. Мен тақырыпты аяғына жеткізу керек деп ойладым. Сонша уақыт жүргесін.


Ахматова: Сұқбатты аяқтар алдында сұрайын. Бізді болашақта не күтіп тұр?


Қарин: Қазақстанның болашағын қалай елестетемін? Мен оптимистпін. Меніңше, біз дұрыс жолмен келеміз. Бізді жақсы өзгерістер күтуде.


Ахматова: Болашақта?


Қарин: Иә, сенімдімін. Сынға қарамастан өзгеріс пен прогресс бар.


Диктофонды өшіремін. Біз саясат туралы сөйлесіп отырмыз. Мен бәрін қайтадан диктофонға айтып беруге өтінемін.


Қарин: Мен біраз уақыт Қырғызстанда өмір сүріп, бәрінің қалай өзгергеніне куә болғаннан бері либералды көзқарасым өзгерді. Бәрі 2005 жылы біз оңтүстікте әлеуметтік мониторинг жасап жүргенде болды. Ол кезде менде жағдайды бағалау жүйесі өзгерді. Сол кезден бері мен үшін басты критерий – мемлекеттілік. Мысалы, бүгін біз сайлауалды жағдай контекстінде барлық процесстерді плюрализм, диалог, еркіндік жағынан бағалаймыз. Ал мен көп нәрсеге мемлекеттілік жағынан қараймын. Иә, демократия мен үшін мемлекеттілік негізінен маңызды құндылық, басты критерий, бірақ ол жалғыз емес. Біз іргетас қалап, мемлекет құру кезеңіндеміз...


Ахматова: 30 жыл – әлі құрып жатырмыз.


Қарин: Иә. Бұл ұзақ процесс. Біз әлі жас қоғам әрі ұлтпыз. Мен үшін бірінші кезекте мемлекеттің мүмкіндігі маңызды. Егер қандай да бір нәрселерді құны мемлекетілікке келіп тірелсе, мемлекеттілікті таңдаймын. Мен үшін ең маңыздысы осы. Бұл жағынан мен - этатистпін.


Ахматова: Біз сіздің «мықты мемлекетшіл» екеніңізді түсіндік.


Қарин: Иә, мемлекетшілмін. Бірақ мен үшін бұл – шынымен құндылық, критерий, индикатор. Маған: «Украинада, Грузияда былай-былай дегенде», меніңше, қоғам монолиттлігін, аймақтық тұтастығын жоғалтатын болса, одан да авторитар болған жақсы.


Ахматова: Не дейміз... Ашық пікіріңіз үшін рақмет!


Қарин: Қалай бар, солай айтып тұрмын.


Ахматова: Соған қарамастан, сіз таразының екінші жағына унитарлы мемлекетті қоятын сияқтысыз. Бірақ біз алдыңғы контекстке келсек, Facebook-тің бір бөлілі Telegram бұғатталғаны үшін қарсылыққа шығады. Егер плакат ұстаған қыз бір мемлекетке қауіп төндірсе, оның мемлекеттілігі қай деңгейде? Этатист ретінде жауап беріңізші.


Қарин: Әңгіме плакат ұстаған қызда емес... Жарайды, жақсы. Жауап берейін. Аса күрделі билікті өткізу транзиті өтіп жатыр. Әрине мемлекет бұл процесстің қоғам үшін ыңғайлы әрі тыныш өткеніне мүдделі. Біз елдегі жағдайға іштен қараймыз, сыртқы көзқараста бар ғой.


Ахматова: Басталды.


Қарин: Бірақ бұл фактті жоққа шығаруға болмайды. Әлемде бәрі өзгеріп жатыр. Мен процесс бірінші кезекте ішкі сұраныстарға байланысты өтуі керек деп ойлаймын. Алайда елдің тұтастығына нұқсан келтірмеу мақсатын ұстануы керек. Кейде екі ойсыз біржақты түрде жоғарғы мақсаттарды ұстану керек.


Ахматова: Мен бұл әңгімеден қашқақтаған едім. Бірақ өзіңіз бастағандықтан, осыған байланысты сұрақ қояйын. Егер таразының екінші жағында 1,2,10 адамның өмірі болса ше? Өмірі мен бостандығы. Оларды таразыға қоюға бола ма?


Қарин: Мұндай дилеманы жасау оңай. Меніңше, біз өз еліміздің жағдайы арқылы мұндай бірнеше адам мен мемлекетті таразыға қоятын дилемаларға түспеудің жолдарын көрсетіп жатқандаймыз. Біздің мемлекеттік ерекшелігі де осында. Диламе құрмаймыз.


Ахматова: Мен олардың «еркіндігі» дедім.


Қарин: Бұл сұраққа мен жауап беріп қойдым. Егер әңгіме мемлекет тұтастығы немесе демократия туралы болса, мен тұтастықты таңдаймын. Бірақ сұрақты дәл осылай қояр болсақ.


Ахматова: Ақыры сөйлесіп отырмыз. Джеки Чан кімнің арманы? (2017 жылы Қазақстанға Джеки Чан келіп, Қазақстандағы қытай фильмдері фестивалін ашты. Ерлан Қарин осы істі ұсынып, ұйымдастырған. 2019 жылы актер Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті - З.А.).


Қарин: Менің. Джеки Чан жайлы оқиға – армандардың қалай орындалатыны туралы оқиға. Бала кезімде күреспен айналысқасын мен оның фанаты болдым. Сабақтан қашып, оның фильмдерін көруге баратынмын. Бәрін көріп шықтым. Бірнеше реттен. Онымен кездесемін деп ойлаған емеспін. Джеки Чанмен менің қызым жайлы оқиға тағдырға сендірді. Бозбала кезімде спорт пен саясатқа қызықтым. Бала кезімнен фанат болдым...


Ахматова: Кімнің фанаты болғаныңызды тауып көрейін?!


Қарин: Назарбаев пен Джеки Чан.


Ахматова: Брюс Ли дегім келген.


Қарин: Жоқ. Назарбаев пен Джеки Чан.


Ахматова: Иә, қызық естіледі.


Қарин: Сабақ оқып отырған кезде әйнектің астында осы екі адамның суреті тұратын.


Ахматова: Тоқтаңыз, бұл қай жылдары болды?


Қарин: 89, 90-жылдары.


Ахматова: Ол танымал болмай тұрып, Назарбаевтың фанаты болдыңыз ба?


Қарин: Иә, 90-жылдары оның «Без правых и левых»(«Оң мен солсыз») деген кітабы шықты. Мен оның барлық сұқбаттарын көріп, ол туралы бәрін оқитынмын. Сол кітаптағы біраз дүниелер маған қатты ұнады. Ол жерде біздің «оң» немесе «сол» саясатты таңдауымыз туралы жазылады.


Ахматова: Иә, бұл кітапты тіпті мен де оқығанмын.


Қарин: Ол біздің саясат – таза ойдың саясаты дейді. Бұл сөз маған ұнайды. Бұл менің формулам.


Қарин: …Қысқасы, тағдыр солай болды. Осы жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Бейжіңге барғанда мен оның Джеки Чанмен кездесуіне жауапты болдым. Бір кезде менің ойыма дәл осы екі адам кездеседі деген ой келді. Бізде кездесер кезде...


Ахматова: Кешіріңіз, жарайды, сіздің арманыңыз. Ал Нұрсұлтан Әбішұлынан сұрадыңыздар ма? Ол кездескісі келді ме?


Қарин: Нұрсұлтан Әбішұлы әртүрлі саладағы, әртүрлі адамдармен тілдескенді жақсы көреді... Тағы бір оқиға. Мен Джеки Чанмен кездескенім үшін эйфорияға түскенім жоқ. Таңдану одан емес, басқа нөрседен болды. Бұл тура қызымыз ауырғаннан бір жылдан кейін болды. Мен мамырда егіздер жасқа келер кезде Қытайға бардым. Біздің қызымыз жүре немесе отыра алады деген ой да болған жоқ. Бізде депрессия болды. Бір жасқа толғанда «тұсаукесер» жасау керек. Жұбайым біздің «тұсаукесеріміз» бола ма дейді. Мен оны жұбатып: «Болады. Ол жүре алады. Бір күні міндетті түрде болды» деймін. Мен оған: «Бізде естен кетпес «тұсаукесер» болады» деймін. Мен оны осылай жұбаттым. Қысқасы, мен, Қытайға ұшым барып, кездесулерден кейін әріптестерім қаланы аралауға кетті. Мен қонақүйде ішкі ойларыммен қалдым. Ешкім айтпаймын, ішім күйіп барады. Бір мұң мен айғы бар. Түскі астан соң, бәрі кетті. Мен қонақүйде отырып, не болып жатқанын ойлаймын... Кездесулердің бірінен кейін жаяу келе жатып, дүкенді көріп, ішінде дәстүрлі қытай аяқ киімдері сатылатынын білдік. Мен: «Кіріп шығайын» дедім. Екі қызыма аяқ киім алып, Сафия жазылсын деп тілек тілемекпін. Кірсем, тура алдымда сылдырмағы бар екі қызыл башмак тұр. Сатып алып, жұбайыма, қыздар жүрген кезде осы аяқ киімдерді кигізіп, «тұсаукесер» жасаймыз деп жаздым. Делегация Бейжіңнен кетер кезде әуежайда қытай жағымен келіссөздер болды. Мен шарт қойып, Қазақстанға Джеки Чанды алдыртамыз деп айттым. Шараға тура екі апта қалған. Олар «Бұл мүмкін емес» деді. Мен айтқанымнан қайтпадым. Қызығы біз тікелей келіссөз жүргізбегендіктен Джеки Чан елге келмейінше, біз оның келу, келмеуі туралы білмедік. Мен әуежайға хабарластым. Олар Бейжіңнен чартерлі рейс қонады деп айтты. Бірақ кім келе жатқаны белгісіз. Біз әуежайға келдік. Джеки Чанды күтіп алдық. Ол тек бір ғана жерге – кинофестивальдің ашылуына ғана баруы керек болған. Басқа уәде берген жоқ. Оның менеджерлері «Ешқандай сұқбат пен баспасөз конференциясы болмайды» деді. Таңертең келіп, кешке кетеді. Бірақ біз сөйлесіп, оны түсірлімге, баспасөз конференциясына көндірдік. Біз кабинетте отырып, жақсы әңгімелесе бастадық. Оған менің балбалтастар альбомым ұнады. Ұзақ отырдық. Сол кезде мен оған өтінішім барын және қызым туралы айттым. Қазақта осындай дәстүр барын түсіндірдым. Маған осылай істеу керек болды... әдейі болу керек. Бізге мүмкіндік бермеген барлық дәрігерлерге әдейі. Ол: «Әрине, қуана-қуана» деп жауап берді. Мен отбасыма хабарластым.


Ахматова: Шынымен?


Қарин: Иә, ол тұсау кесуге келісті. Менің қызым үшін маңызды екендігін түсінді. Мен ол ауырған кезде кейін өскен кезінде ол жүре алмаса да, оны барлық жерге апарып, бәрін көрсетемін деп армандағанмын. Оның армандарын орындаймын... Мен оған түсіндірдім, ол келісті. Біз бәрін тез ұйымдастырдық. Иә... Ол менің қызымның тұсауын кесті. Мен мұны жариялайын деп ойламадым. Бірақ олардың тарапынан бір аудармашы қыз жариялап, бәрі интернетке кетіп қалды. Бұл жағдайдағы эйфория, Джекиге байланысты емес, оның ешкім мүмкіндік бермеген менің қызымның тұсауын кескеніне байланысты болды. Мен сол кезде тағдырға сенген болармын. Қазір қызым аздап жүре бастады. Егер сене білсең, бәрі орындалады. Мен жұбайыма: «Мен идеал емеспін, кемшіліктерім бар, бірақ мен дұрыс өмір сүруге тырысамын» деймін. Бәлкім бұл да... тағдырдың жауабы шығар. Мен үлкен балаларыма: «Джекиді әкелген мен емес, Сафия» деп айтамын. Ол кішкентай, бірақ қайтпатын қайсар. Мен одан үйренемін. Оның қалай талпынып жатқанын көргенде, өзін қалай жеңгенін көргенде, тұруға, жүруге талпынып, құлап, қайта тұрғанын көргенде. Үйренемін. Ол бала кезінен осындай. Ол реанимацияға түскенде бір айлық болатын. Оған барғанда системаның астында жатып, шыдағанын көргенде жүрегім ауыратын. Төзімді. Мықты. Мұндай жағдайлар адамды өзгертеді. Ол кезде менің ешнәрсеге құлқым болмайтын. Өмір тоқтап қалғандай. Бір ғана нәрсені ойлайсың – не үшін? Жарайды, тағдыр мені жазаласын. Бірақ неге кішкентай бала қиналуы керек? Бұл менің басымда болса, қабылдар ма едім? Бірақ мұндай жағдай баланың басында болғанда... Ол дүниеге жаңа келді ғой. Оның қандай кінәсі бар? Бұл сенің отбасыңда болып жатқасын, тек саған емес, отбасыңа берілген сынақ екендігін түсінесің...


Ахматова: Осы сұрақтарыңызға жауап бере алдыңыз ба?


Қарин: Әлі толық емес. Білесіз бе, мен бұл туралы айтуды да ойламағанмын. Бірақ түсінгенім, оны біз құтқарып жатырмыз, мұнда медициналық емделу емес... Сенім мен үмітті жоғалтқанымызды еске алып отырып, мүмкін басқа ата-аналар үмітін жоғалтпасын деп айту керек шығар дей ойлаймын…


Біз келіншегім екеуміз бағытты жоғалтып алдық. Өте қиын жағдай. Өмірде әділеттілік бар ма деп күмәндана бастайсың. Біз дұрыс өмір сүруге тырысып келеміз ғой... Орташа қажеттіліктері бар, қарапайым отбасы. Бәрі бар. Кенеттен... Біз бір-бірімізді қолдағанның арқасында көмек пайда болды. Сол кезден бастап өмірді басқа критерийлермен таразылай бастадым. Біз жалған құндылықтармен өмір сүреміз – карьера, байлық…  Бірақ ойлап қарасаң, мұның бәрі не үшін? Өмірді, жақындарыңды, отбасыңды бағалап, басқаларды сыйлап, әр сәтке шүкірлік ету керек. Жақсы дүниелерге сену керек. Қалыпты жағдай... Бірақ басқаша болмайтын сияқты.