Танымал композитор Игорь Крутой Абай өлеңінен үзінді оқыды


Ресей Федерациясының халық әртісі, танымал композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің өзіне жолдаған эстафетасын қабыл алды. Ол Абайдың өлеңінен орыс тілінде үзінді оқыды.


«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған үзінді оқу эстафетасын досым Димаш Құдайбергеннен қабыл алдым. Бұл эстафетаны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке жолдаймын»,-деп жазған композитор Instagram-да.