Алғаш рет: Путин мен Зеленский телефонмен сөйлесті


Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский алғаш рет телефонмен сөйлесті, деп жазады Интерфакс.


Бұл екі мемлекет басшыларының алғашқы байланыстары.


Ресей президентінің баспасөз хатшысының айтуынша, олар Украинаның шығысындағы жағдай мен тұтқындар алмасу жайын талқылады. Әңгіме барысында тараптар бұл жұмысты сарапшылар деңгейінде жалғастыруға келісті. Олар келіссөзді «норман төрттігі форматында» жалғастыру мүмкіндігін де қарастырып өткен.


Бұдан бөлек Киевтің хабарлауынша, олар 2018 жылдың қараша айында Керчь аймағында ұсталған украиналық матростардың тағдырын талқылады.


Бұдан бұрын Путин Украина президентімен кездесу үшін арнайы шарт қойған болатын.


Көп ұзамай 8 шілдеде Зеленский Владимир Путинге Донбасс жағдайын талқылау үшін арнайы шартымен Минскіде келіссөздер жүргізу жайлы бейнежазбаны өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын. Онда ол бұл тақырыпты Дональд Трамп, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макронмен бірге талқылауды ұсынды.