Ақтөбеде балалар үйінен қашып кеткен 17 жасар бала іздестіріліп жатыр


«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен Әлішер Жанзақов 7 күннен бері іздестіріліп жатыр.


Ақтөбелік еріктілер мен  полиция өкілдері 17 жастағы баланы іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Қала тұрғындарының арасында оны көргендер бар.


«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан бесінші шілде күні кетіп қалған, содан бері табылмады. Оны көрген адамдар бар, іздеу жалғасады», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Орталық директоры Өмірбек Текешовтың айтуынша, жасөспірімнің ата-анасы бар. Ол алдын Темір ауданында тәрбиеленген және мұндай жағдай бұған дейін де қайталанған.