Үш жылдың ішінде республикалық жолдардың бойына 304 дәретхана салынады

Алдағы үш жылда Қазақстанда республикалық автожолдардың бойына 304 санитарлық-гигиеналық торап орнатылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.


2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызға ие автожолдардың бойына 12 KazWay жол сервисі павильонын салды. Павильондарда дәретханалар және тамақтану орындары бар.


Енді 2019-2022 жылдар аралығында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспары жасалды. Олардың 109-ы жөнделіп жатқан күре жолдардың бойына салынады.


Олар: Щучинск - Зеренді, Қарағанды қаласының айналма жолы,Тараз-Шымкент (Түркістан облысы), Нұр-Сұлтан - Павлодар, Бейнеу - Ақжігіт, Жетібай - Жаңаөзен, Петропавл - Қорған, Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы, Өскемен - Бұқтырма, Ұзынағаш - Отар, Күрті - Бурылбайтал, Қостанай - Қарабұтақ, Қандыағаш - Мақат, Үшарал - Достық, Атырау - Астрахан, Подстепное - Федоровка, Талдықорған - Өскемен, Балқаш - Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Қарағанды - Балқаш, Күрті - Қапшағай, Меркі - Бурылбайтал автомобиль жолдары.