Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 27 шілдеде өтеді


Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 27 шілде күні мексикалық Оскар Кортеспен жұдырықтасады, деп хабарлайды BoxRec.


Бокс кеші Техастың College Park Center аренасында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері американдық Морис Хукер мен WBC белбеуін иемденген Хосе Рамирестің арасында болмақ.


Елеусінов пен Кортес арасындағы шайқас он раундқа есептеліп отыр. Бұған дейін қазақстандық алты және сегіз раунд ережелері бойынша шайқасты.


Кортес кәсіпқой бокста 27 рет жеңіске жеткен. Ал Елеусіновтің қоржынында 7 жеңіс бар. Бұл оның 9-шы жекпе-жегі. Ол соңғы рет 25 мамыр күні Луис Норамбуэнмен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын.


Бокс кешін DAZN қызметі тікелей эфирде көрсететін болады.