Семейден Алакөлге бара жатқан автобус жанып кетті


Бүгін Семейден Алакөлге бара жатқан автобус өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ.


ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 12 жолаушысы бар «Lifan» маркалы автобус «Таскескен-Бақты» тасжолында отқа оранған.


«Қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігінен тұтанып, кейін дөңгелектері мен автобус ішіне жайылған. «Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар жолай өзге көліктерге отырып, діттеген жерлеріне жетті. Өрт болған жерде Үржар ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп, таңғы сағат 6.30-да тілсіз жауды ауыздықтады. Өртке көлік иесінің абайсыздығы себеп болуы мүмкін», - деді департамент өкілдері.