Алматы зообағы жаңа кейіпке енеді


Алматы зообағы жаңа кейіпке енетін болады. Қайта жаңғырту үшін демеушілер 223 млн теңге аударды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Зоологиялық бақті үлкен өзгерістер күтіп тұр. Қазіргі таңда жұмыс басталып кетті. Зообақ басшылығы күзде қар барысын қайтару туралы жаңа бағдарлама бастамақ. Бұл өзгерістердің алғашқысы ғана», - деді зообақ басшысы Вячеслав Банщиков.


Қайта жартуға қаражатты көбінесе бизнесмендер жіберуде.


Зообақ директоры Вячеслав Банщиковтың бастамасымен зообақ абаттандырыла бастады. 10500 метр асфальт, 6288 метр бордюр төселді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар, онда құны 20 млн теңге болатын құрғақ субұрқақ салу жоспарланған. Құны 3,5 млн теңге болатын аспашамдар ауыстырылды. 35 көлік қара топырақ әкелінді.


Жақында жаңа медициналық пункт ашылады. Оған 3 млн теңге жұмсалады. Сондай-ақ, ана мен бала бөлмесі жасақталады. Оған 4,4 млн теңге бөлінеді. Зообақ келушілеріне арналған демалыс аумақтары салынып, ол жерде тегін су беріледі.


Зообақтың инженерлік желілері 30 жылдан бері жаңартылмаған. Оларды ауыстыруға 41 млн теңге қарастырылған. Одан бөлек аннотация- этикеткаларды ауыстыруға, амфитеатр, кіреберіс дизайнын жетілдіруге қаражат бар.


Айта кетсек, бүгінде зообақта 375 жануардан 3447 түрі бар. Жануарлар 6 экспозицияға бөлінген. Оның ішінде Қазақстан қызыл кітабына енген 25 жануар бар.