Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенкоға І дәрежелі «Достық» орденін бермек


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановнаға І дәрежелі «Достық» орденін беру туралы жарлыққа қол қойды.


Ол Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін награтталады. 


Валентина Матвиенко ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федерация Кеңесінің спикері.