5 адам мерт болды: Алматы облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Картинки по запросу авария знак

Алматы облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, 5 адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті Facebook парақшасында жариялады.


Полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, Алматы облысында бүгін, 13 тамыз сағат таңғы 8 шамасында 29 жастағы әйел адам басқарып келе жатқан Мазда-626 маркілі жеңіл көлік «Алматы-Бішкек» трассасының 84-ші километрінде «Shacman» маркілі жүк көлігімен соқтығысқан.


Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы жол апатынан көз жұмды. Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарын алған 3 адам Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізілді.


 «Жол апатының мән-жайы арнайы тергеу жұмыстарынан соң анықталады, ол үшін арнайы сараптамалар да тағайындалды»,-деп хабарламады ведомство өкілдері.


Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр. Қазіргі кезде көлік апаттарының басты себептерінің бірі жылдамдықты шектен тыс асыру мен қарсы жолаққа шығып кету жағдайлары болып отыр.