Алматы зообағы ветеринарлық клиника ашуға краудфандинг жариялады


Алматы хайуанаттар бағы жаңа ветеринарлық клиника салу үшін  краудфандинг жариялайды.


«Соңғы уақытта БАҚ-да хайуанаттар бағында орын алған бірнеше жануарлардың өлуіне байланысты шу шықты. Хайуанаттар бағындағы аңдардың өлу себептері әртүрлі және олар жаз айларында бір-бірінен кейін орын алды. Қайғылы оқиғалардың барлығын хайуанаттар паркінің басшылығы жаңа ветеринарлық клиника құрылысын жеделдетуді керектігімен алға тартады", - делінген хабарламада.


Зообақ басшылығы екі қабатты ветеринариялық клиника салуды жоспарлап отыр. Ол үшін 18 миллион 46 мың теңге қаражат жинау керек. Жобалау мерзімі-екі ай. Клиниканың жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды.


"Зообақ клиника салу үшін ең аз деген соманы да қабылдауға дайын. Дәл қазіргі уақытта бос сыннан нақты көмекке көшу керек", - деп атап өтті зообақ басшылығы.


Краудфандингке мына сілтеме арқылы қолдау көрсете аласыз: https://www.instagram.com/p/B1GTW7tJZyG/