Елімізде 1,4 млн адамның 14 млрд теңге салық берешегі бар


Қазақстанда 1,4 млн адамның салық органдарына 14 млрд теңге берешегі бар, деп айтты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.


Төрағаның айтуынша, бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енді.


«Бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы құжат күшіне енді. Яғни, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеу арқылы, өсімпұлдардан құтыла алады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады», - деді Сұлтанғазиев.


Комитет басшысы қазіргі таңда елімізде 1,4 млн. адамның салық берешегі бар екенін жеткізді.


«Жаңағы 1,4 млн адамның негізгі берешегі 14 млрд теңгеден асады. Ал өсімпұл көлемі - 6,5 млрд теңге. Рақымшылық арқылы осы 6,5 млрд теңге өсімпұлды кешіру көзделген. Заңды тұлғаларға келер болсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астам нысанында салық берешегі болған. Қазір соның 46 пайызы негізгі берешегін өтеді. 18 мың нысанның салық берешегін қайтаруы екіталай. Көбі банкротқа ұшыраған немесе қиын жағдайға тап болған», - деді Марат Сұлтанғазин