Алматыда Азаматтық бастамалар коалициясы құрылды


2019 жылдың 10 тамызында Алматы қаласы «ALPHArabius» бизнес кеңістігінде Азаматтық бастамалар коалициясын құру туралы кеңес өтті.


Енді Коалиция мүшелері біздің қоғамдағы өзекті мәселелерді жария ету және оңтайлы шешуге мүдделі. Ортақ кеңесті Жанна Прашкевич, Маржан Айтжанова, Аида Альжанова мен Гүлшат Нұрпеисова өткізді.


«Біз осы бастамамыз арқылы адамдардың бірігіп, мәселенің шешімін іздеп, ортақ мақсаттарды тауып, оларға жете алатынын көрсеткіміз келеді. Алыс-жақын шетелдерден көріп отырғанымыздай, азаматтық қоғамның бірігуі нақты шешімдер қабылдауға әсер етеді. Біздің ұлтымыз, жасымыз, жынысымыз, идеяларымыз, діни ұстанымымыз әртүрлі, бірақ біз өзіміз бен өз балаларымыздың жарқын болашағы үшін жиналдық. Біз ортақ идеяларды таптық. Оларды іске асырудың жолдарын да табамыз. Біз, ең алдымен, адамның құқығы мен бостандығы сақталатын демократиялық қоғамды қалаймыз. Біз ережелерді өзгертеміз», - деді Коалиция мүшелері.



Коалицияның ашылуына 130 артық азаматтық белсенді, олардың ішінде: «Ақиқат» ЖСДП партиясының мүшелері, «Манифест НК», «Абадан», «Қаһарман», «HAQ», «Тәуелсіз бақылаушылар альянсы», «Тәуелсіз бақылаушылар», «Тұтынушылардың ақпараттық агенттігі», «ІІМ реформасы үшін», «Республика», «Көк Жайлау» қозғалыстары, Балташ Тұрсынбаев, Рысбек Сәрсенбай, Маржан Аспандиярова, Нұрлан Әмреқұлов, блогерлер мен вайнерлер, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.


Қатысушылардың жұмыс қорытындысы бойынша Коалиция мүшелері талқылайтын және олардың шешімдері бойынша арнайы жол карталары құрылатын идеялар таңдалды. Олардың ойынша қазақстандық қоғам үшін ең маңызды әрі тез шешімі табылуы тиіс 11 бағыт белгіленді:


1. Демократиялық реформалар

• Саяси реформа: сайлау, митингілер, БАҚ, Халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес партиялар туралы заңды өзгерту

• Жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде референдум өткізу

• Парламенттік республика

• Әділ сайлауды қамтамасыз ету

• Барлық деңгейдегі сайлау комиссиясын тарату. ОСК туралы ережені қайта қарау

• Ұлт Көшбасшысы туралы заңның күшін жою

• Тіл туралы заңды қайта қарау. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру


2. Азаматтық сектордың бірігуі

• Өзара көмек стратегиясын әзірлеу үшін әлеуметтік белсенді топтарды біріктіру

• Өз өкілдерін бағыттайтын бірыңғай штаб

• Күрделі жағдайларда өзара қолдау

• Қоғамға ақиқат, шындық, әділдік, парасаттылық сияқты құндылықтарды насихаттау

• Дауласу емес, күшею

• Белсенділік пен ұйымшылдық-азаматтардың белсенді ұстанымы


3. Әлеуметтік Қазақстан

• Адами капиталды дамыту

• Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстар: медицина, білім беру, зейнетақы жүйесі

• Білім беру мен денсаулық сақтау саласының қол жетімділігі мен сапасы

• Ана мен отбасының мәртебесін арттыру

• Ауыл жастарының білімін жетілдіру үшін жастар ұйымын құру

• Желтоқсан оқығасын - тарихи бағалау, желтоқсаншыларға мәртебе беру


4. Халық экономикасы

• Қазақстан экономикасы – Қазақстан үшін. Қазақстан азаматтары - «Қазақстан» акционерлік қоғамының акционерлері

• Экономика аудиті

• Стратегиялық объектілерді: теміржол, энергетика, су, жер қойнауын пайдалану

• Жер туралы Заңды қайта қарау: жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу. Шетелдіктерге жалға берудің күшін жою

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

• Жалпы кіріс туралы декларация


5. Біріккен халықтық партия

• Көптеген азаматтық белсенділердің бастамасымен партия құру

• Президенттікке кандидат ұсыну туралы бастама


6. Мемлекеттік басқару принциптері

• Қоғамның тиімділігі – мемлекет. Корпоративтік басқару принциптері

• Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

• Қоғамдық қауіпсіздік: ІІМ, соттар, прокуратура реформалары


7. Сыртқы факторлар

• Отанымыздың тәуелсіздігі үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру

• Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси тәуелсіздігіне қатысты халықаралық шарттар бойынша жалпы шешім қабылдау

• Қытайдағы этникалық қазақтардың азат етілуі

• сыртқы қарызды қайта құрылымдау

• адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан ұлт ретінде қазақ ұлтының мақтанышының өсуі

• Сыртқы қауіп (тәуелсіздік пен агрессияны жоғалту), шоғырлануға түрткі ретінде мотивация


8. Құқықтық реформа

• заңдарды біркелкі қолдану. Заңның үстемдігі

• сот жүйесінің тәуелсіздігі


9. Рақымшылық

• Саяси тұтқындар үшін бостандық


10. Пікірталас алаңы

• Азаматтық сектор үшін ортақ диалог алаңын құру

• Қоғамдық талқылауды тақырыптық аймаққа аудару


11. Экология

• Табиғи апаттардан сақтану

• Азаматтардың экологиялық білімі

• Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану


Келесі отырыста Коалицияға қатысу ережелерін талқылау және «Демократиялық реформалар» бабы бойынша жол картасын әзірлеу жоспарланған.