ТЖД: Сел аумағында газ бен электр жарығы ажыратылды


Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты ақпарат берді. Сел аумағында газ бен электр жарығы ажыратылған.


«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық Ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.

 

Көлдің суын жіберу жұмыстары 6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылды. Экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылды. Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген.


Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған. Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.


«Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 мың текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері.


Ведомство атап өткендей, қазір төтенше жағдай болған жерге жақын орналасқан ауылдардан тұрғындар көшіріліп жатыр.