Серена Уильямс турнирге шығудан бас тартты: Зарина Дияс келесі кезеңге өтті

Фото: reuters.kz

Америкалық теннисші Серена Уильямс Цинциннати турнирінің финалына шықпайтын болды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".


Бірінші айналымда ол қазақстандық Зарина Дияспен ойнауы керек болатын.


"Өкінішке орай, арқамның жарақаты әлі де сыр беріп тұр. Мен бұл кездесуге шыға алмаймын", - деді Уильямс.


Нәтижесінде, Зарина Уильямспен болуы керек матчты басқа америкалық теннисші Джессика Пегуламен алмастырды.


Бірінші сетте Дияс 7: 5 есебімен жеңіске жетсе, одан кейін отандасымыз есепті 5:5-ке теңестіруге мүмкіндік берді. Екінші сетте қазақстандық теннисші 6: 4 есебімен тағы да алға шықты. Матч бір сағат 52 минутқа созылды. Жалпы есеп 2:1 болып, жеңісті Зарина қанжығасына байлады.


Айта кетсек, 25 жасар Зарина Дияс әлемнің 80-ші ракеткасы, ал 25 жасар Пегула WTA рейтингісінде 56-шы орынға тұрақтаған.


Екінші айналымда Зарина Диястың қарсыласы әлемнің 22-ші ракеткасы София Кенин болады. Ол бірінші айналымда германиялық Юлия Гергесті (28-WTA) жеңген болатын.


Бұған дейін турнирдің екінші айналымына Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева өткен . болатын. Бірінші айналымда ол латвиялық Елена Остапенконы жеңді(6:2, 6:7(3:7), 6:3). Путинцеваның келесі қарсыласы әлемнің сегізінші ракеткасы американдық Слоан Стивенс болады.