Алматыда сел жүру қаупі: Эвакуациялау пункттері тұрғындарды қабылдау дайын


Алматы қаласы Наурызбай ауданында сел жүруіне байланысты эвакуациялау пункттері тұрғындарды қабылдауға дайын. Ал тұрғындар үйлерінен кетпеген.


Ақпарат толықтырылуда



Оқиға орнынан HOLA News тілшісі Сабира Жанабергеннің хабарлауынша, тұрғындарға таңғы сағат 6:30 шамасында эвакуациялық көліктер көшелерді аралап, ескерту жасаған. Осы кезде эвакуациялау пункттері адам қабылдауға дайын болған. Судың жоғарғы жағындағы тұрғындар қалаға қарай келе бастаған. Ал төмендегі тұрғындар әлі өз үйлерінде.




Сағат 12:10 шамасында су деңгейінің төмендегені белгілі болды. Эвакуациялау жүргізілмейді.



«2015 жылы қорқынышты болған. Қазір мүлдем қорқынышты емес, бәрі дұрыс. Үйден кетпейміз. 6:20 шамасында төтенше жағдай деп хабарлап кеткен», - дейді тұрғындардың бірі.



Оқиға орнына барған HOLA News тілшілеріне 158-ші мектептің мұғалімдері оқу орнына екі жүз адам қабылдауға дайын екендерін жеткізді. Қазір онда тұрғындар келе бастаған.



«Таңғы сағат 7 шамасында осы мектепке келу туралы ескертті», - дейді жақын маңдағы жатақхана тұрғыны Жазира.



«Алдыңғы жолы апат болған кезде тұрғындар үйлерін тастап кеткен уақытта тонау фактілері болған. Сондықтан олар баспаналарынан кетпей отыр. Бірақ бұл айтып келмейтін апат қой. Бір реттік толқыннан су деңгейі бір метрге өсті. Не болары белгісіз. Адамдар әлі күтіп отыр. Басқа пункттерде де адам жоқ», - деді оқиға орнына келген құзырлы орган өкілі.



Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қауырт желіні іске қосты. Селден жапа шеккендер немесе қауіп төнген адамдар 278 20 84 нөміріне хабарласа алады. Байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді.





  1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов).
  2. Шахмерденов атындағы 175 мектеп.
  3. 158 мектеп. (Жандосов – Яссауи қиылысы)