Алматыда өтетін веложарыс кезінде 7 көше жабылады


18 тамыз Алматыда World Class Almaty 2019 веложарысы кезінде көліктердің қозғалысына ішінара шектеу қойылады, деп хабарлады "Смелость быть первым" корпоративтік қорының баспасөз қызметі.


Көліктердің қозғалысы келесі көшелерде шектеледі (барлық жолақтар жабылады):


  1. 05.30-13.00 – Розыбакиев көшесі (Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін);
  2. 06.00-10.30 – Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін);
  3. 06.00-11.30 – Сайын көшесі (Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін);
  4. 08.30-12.00 – Рысқұлов даңғылы (Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне бұрылғанға дейін);
  5. 08.30-12.00 – Момышұлы көшесі (Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін);
  6. 08.30-12.00 – Ақын Сара көшесі бойымен Ақ Қайнар көшесіне дейін;
  7. 08.30-12.00 – Ақ-Қайнар көшесінің бойы және одан әрі Бурундай полициясының КҚК-ға дейін.



Соңғы қатысушы жеткеннен кейін автокөлік қозғалысы толық қалпына келтіріледі. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты 18 тамызға дейін алдын-ала жоспарлауды сұрайды.


«Қозғалыс жартылай шектеулі болады және спортшылар жол учаскелерінен өткеннен кейін ашылады. Біз қала тұрғындары түсіністікпен қарап, шараны қолдайды деп үміттіміз», - деді веложарыс ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.


World Class Almaty – жыл сайын ұйымдастырылатын веложарыс. Биыл шара алтыншы рет болады және 850 қатысушыны жинайды. Жарыс таңертең 8:00-де басталады. Басталу орны - «Mega Center Alma-Ata 2» ОСО.