Қарағанды облысындағы өрт 2500 гектар орманды шарпыды


Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бақты орман шаруашылығынд өрт шығып, ауданы 2 500 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті.


Оның ішінде мемлекеттік орман қорының аумағы 1500 гектарды құраған.


"Оқиға орнына 120 адам (Қарқаралы МҰТП-дан 39 адам, Қарағанды облыстық ТЖД-дан 61 адам, Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан 10 адам және т.б.), 16 өрт сөндіру машинасы, 3 трактор және 2 тікұшақ, су шашатын құрылғысы бар І сыныпты бір тікұшақ (МИ-8), МИ-2 екінші тікұшағы өрт сөндіру қызметін әуеден бақылауға тартылды",- дейді комитеттің баспасөз қызметі.


Қарқаралы ауданының әкімдігі төтенше жағдай режімін жариялады. Өрт сөндіру қызметі өрттің таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.