Жәнібек Әлімханұлы өзін «Борат» деп әжуалаған канадалықтың сазайын бермек


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) өз жанкүйерлерін алдағы жексенбі болатын жекпе-жегін тамашалауға шақырды.


 «Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.


Бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, "Борат" кейпінде әжуа еткен болатын.


17 тамызда Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізеді. Қазақстандағы уақыт бойынша сайыс 18 тамыз таңертең болады. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.


Еске сала кетейік, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізді. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ол Кристиан Оливасе қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңген болатын. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.