Алматыда зорлауға қатысты заңды күшейтуге байланысты митингке рұқсат берілмеді


Алматы әкімдігі азаматтық белсенділерге зорлау қылмысы үшін жазаны күшейтуге байланысты митинг өткізуге рұқсат бермеді.


8 тамызда алматылық белсенділер Мөлдір Жұмабаева мен Фариза Оспан қалалық әкімдікке митинг өткізу үшін рұқсат сұрап, өтініш берген болатын. Олар зорлау қылмысының орташа қылмыстан ауыр қылмыс қатарына енуіне қол жеткізгісі келген. Бейбіт жиналыс 18 тамыз күні таңертең "Сары Арқа" кинотеатрына өтуі тиіс болатын.


13 тамызда әкімдік ұйымдастырушылардың митинг өткізу туралы өтінішін қанағаттандырмады


"21 шілдеден бастап "Сары-Арқа "кинотеатрының жанындағы саябақта кәріздік құбырлар желісін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан, сіздерге 18 тамызда сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін митинг өткізуге рұқсат етілмейді", - делінген әкімдіктің хатында.


Егер рұқсат етілмеген митинг өтетін болса, онда ұйымдастырушыларға жеке жауапкершілік артылатынын ескерткен.



Қазақстанда зорлау - орташа ауырлықтағы қылмыс. Тальго пойызындағы жолаушыны зорлау оқиғасына байланысты резонанстық қылмыстық іс аяқталған соң қазақстандықтар зорлау жазасын қатаңдатуды талап етуде.