Ресейде ОСК басшысына шабуыл жасады деген күдікпен қазақстандық ұсталды


Мәскеуде Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген күдікпен қазақстандық Бақыт Қарабалаев ұсталды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.


6 қыркүйек күні түнде Қарабалаев Элла Памфилованың үйіне кіріп, оған электрошокермен шабуыл жасаған. 7 қыркүйекте полиция 36 жастағы Қазақстан азаматы Бақыт Қарабалаевты «үйге кіріп, қарақшылық жасады» деген күдікпен ұстады.


9 қыркүйекте сот Қарабалаевты 6 қарашаға дейін қамауда ұстауға рұқсат етті.


«Соттан кейін Қарабалаевпен консулдық кездесу өтті, ол шағымдары жоқ екенін, оған аудармашының қажеті жоқ екенін айтты. Оған адвокат берілді», - деді Айбек Смадияров.


Тергеу жалғасуда.