Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара бергені үшін айыпталуда


Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікке ілініп отыр.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, университет ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.


«Ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелерін оң шешу және жалпы қамқорлыққа ие болу үшін 5 мың АҚШ долларын берді деген күдікке ілінді», - делінген агенттіктің хабарламасында.


Сондай-ақ, пара алған «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының үстінен де тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыстық іс бойынша шешімді сот шығарады.