53 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 53 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда визасыз бола алатын елдер тізімін кеңейтуді ұсынды. Жоба 23 қыркүйекке дейін талқыланатын болады.


Тізімге 12 елді қосу ұсынылды (сонда елдер 41-ден 53-ке дейін өседі). Жарияланған құжатқа сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бахрейн, Ватикан, Вьетнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Лихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Таиланд және Филиппин азаматтары Қазақстанға визасыз келуге құқылы. Яғни мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында.


Визасыз елдердің толық тізімін мына жерден табуға болады.


Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2005-2018 жж. Қазақстан бұл елдерден 876,3 млн долларға тікелей инвестиция тартқан. Сонымен қатар, СІМ-нің пікірінше, тізімді біржақты кеңейту осы елдердегі біздің азаматтар үшін визалық режимді алып тастау жөніндегі келіссөздерде салмақты дәлел болады.


Құжатта бұл бастаманы ҰҚК, ішкі істер министрліктері, мәдениет және спорт министрлігі, ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму және энергетика министрліктері қолдады делінген. Сондай-ақ, жобаны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және «Атамекен» АЭС қолдады.