Цензурасы ең қатаң елдер белгілі болды


Халықаралық Committee to Protect Journalists ұйымы цензурасы қатаң елдер тізімін жасады.


"Аталған елдерде билік журналистерді түрмеге қамап, БАҚ қызметкерлерін аңдиды. Заңдары репрессияға жол ашады. Интернет мен әлеуметтік желілерге кіру қиын. Халықаралық стандарттар сақталмайды. Тәуелсіз журналистикаға тыйым салынған немесе қудалауға ұшырайды", - деп мәлімдеді ұйым.


Цензурасы ең қатаң елдер:


  1. Эритерия
  2. Солтүстік Корея
  3. Түркіменстан
  4. Сауд Арабиясы
  5. Қытай
  6. Вьетнам
  7. Иран
  8. Экваторлық Гвинея
  9. Беларусь
  10. Куба


Алғашқы үштікке енген елдерде бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің қарамағында, ал кез-келген тәуелсіз журналистика қуғынға ұшырайды. Елге кіруге рұқсат алған бірнеше шетелдік журналистер мұқият қадағаланады.


Тізімдегі басқа елдер тәуелсіз баспасөзді өшіру үшін қатаң тактиканы қолданады, мысалы, қысым көрсету, үнемі бақылау және бұғаттау. Сауд Арабиясы, Қытай, Вьетнам және Иран цензураның осы екі түрін қолдады: журналистер мен олардың отбасыларын түрмеге жабу және оларға қысым көрсету, сондай-ақ Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі сандық бақылау мен цензура.