Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді


Елімізде 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді. Аталмыш процедура қазір екі адамға жасалып жатыр, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы.


"Он бір адам химиялық кастрация жасау жазасына кесілді. Олар 2018 жылдың 1 қаңтарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне келді. Қазіргі уақытта екі адамға (Павлодар және Ақмола облысы) химиялық кастрация жасалып жатыр", - деді қылмыстық-атқару жүйесінің комитетінде.


Процедура сот-психиатриялық сараптама негізінде сот шешімімен жүзеге асырылады. Химиялық кастрация 18 жастан асқан педофилдерге қолданылады.


2018 жылдың 1 қаңтарында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарды химиялық жолмен кастрациялау ресми түрде рұқсат етілді.


Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің мәліметіне сәйкес, химиялық кастрация жасауға 2019 жылы 11 миллион 038 мың теңге (28 мың доллар) бөлінген.


Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының бюджеттік өтініштері бойынша 2019 жылы 88 науқасты, ал 2020 жылы 71-ін химиялық кастрациядан өткізуге қаражат сұралған.