Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды.


Президент Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған.


«Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.



Сонымен қатар, екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сондай-ақ «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.


Презиент ҚХР-на мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.



«Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады»,-деп жазды Берік Уәли.