iPhone жаңа үлгілерінің бағалары белгілі болды


10 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone (iPhone 11, 11 Pro және 11 Pro Max) жаңа модельдерін, Apple Watch және iPad-ты таныстырды.


Презентация компанияның Калифорниядағы штаб-пәтерінде өтті және Apple сайтында трансляцияланды.


Компания жаңа iPhone 11-нің үш нұсқасын ұсынды, оның ішінде жаңа "Pro" желісі үш камералы.


iPhone 11 - iPhone XR-дің жалғасы десе де болады.



Apple-дің мәлімдеуінше, модельдер нарықтағы ең жылдам графикалық процессор және екі камералы жүйе A13 Bionic процессорымен жабдықталған.


iPhone 11 6,1 дюймдегі Liquid Retina дисплейі орнатылған. Артқы панельде - 12 мегапиксельден екі камерасы бар.


Камералар қараңғыда да суретке түсіре алады. Алдыңғы камера да 12 мегапиксель. Смартфон процессоры - А13 Bionic - құрастырушылардың айтуынша, бұл нарықтағы ең жылдам процессор.


Барлық ядроның жылдамдығы шамамен 20 пайызға артқан, нейрожелілермен жұмыс істеу үшін арнайы блок қосылған.



iPhone 11 64, 128 және 256 ГБ жады бар күлгін, жасыл, сары, қара, ақ және PRODUCT (RED) түстерімен шығады. IPhone 11 бағасы - 699 доллардан басталады. 


iPhone жаңа үлгілерінің теңгеге шаққандағы бағалары:


iPhone 11 — 270 000 теңгеден,

iPhone 11 Pro — 385 765 теңгеден,

iPhone 11 Pro Max — 424 341 теңгеден басталады.


АҚШ-та iPhone жаңа модельдері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.