Ресейде кеңес ғимаратының алдында өзін өртеген ғалым қайтыс болды


Ресейдің Ижевскі қаласында Удмуртия мемлекеттік кеңесінің ғимаратына өзін өртеген ғалым ауруханада қайтыс болды.


10 қыркүйек күні таңертең мемлекеттік кеңестің отырысы басталмай тұрып, ер адам республикалық парламент ғимаратына плакатпен келген. Соңынан ол ғимарат алдында өзін өртеп жіберді.


Удмурт қозғалысының белсендісі, 79 жастағы ғалым Альберт Разин ауыр күйікпен ауруханаға жеткізіліп, кейінен қайтыс болды. Ресей тергеу комитетінің республикалық басқармасының басшысы Рустам Тугышев бұл Альберт Разин екенін растады.


Белсендімен ғимарат алдына келген ер адам ғалымның "балалар удмурт тілін үйренуі, және оны ұмытып кетпеуі үшін күрескен" деп жазды. Бұған дейін ол депутаттарға "Удмуртский этнос исчезает" үндеуін дайындаған еді.



Альберт Разин біраз жылдар бойы институт ректоры қызметін атқарған.