Сенатор: Балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендер өлім жазасына лайық


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендер өлім жазасына кесілуі керек деп айтты.


"Әйелге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау сондай-ақ, жас балаларды зорлау, болмаса оларды ұрлау, адам ұрлау мәселелері ауыр қылмыстың қатарына жатады. Біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр сенаторлар ауыр қылмыстар жазасына өлім жазасын беру туралы мәселені көтерген болатынбыз. Бірақ бұл өтінішіміз қолдау таппады. Мен жалпы парламент мүшесі ретінде балаларға, қыз-әйелдерге жасалатын ауыр қылмыстарға өлім жазасын беру керек деп ойлаймын", - деді депутат.