Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайды


Қазақстандық салымшылардың 53 пайызы ұзақ мерзімді депозит ашқан. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.


Тамызда банктердегі салымдар көлемі 15,24 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылдан 1,3%-ға аз. Оның ішінде ел резиденті болып саналмайтындардың бөлшек салым үлесі 57,2%-ға жеткен. Бөлшек салымның 87,3%-ы шұғыл салымдарға тиесілі. Мұндағы теңгенің үлесі 50%-дан астам (7,6 трлн теңге).


«Ұзақ мерзімді салымда да теңгенің үлесі басым. Қазақстандықтар 2,09 трлн теңгенің депозитін ашқан. Дегенмен, бұл былтырғыдан төмен. Жеке адамдардың қысқа мерзімді депозиттері 12,2 пайызға артса, ұзақ мерзімді салымдар 2,4 пайызға кеміген. Бұл тенденциямен күресу үшін банктер түрлі шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жаңа ережесі бойынша, депозит сыйақыларының мөлшерлемесі ай сайын жарияланып тұруы тиіс. Мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін деген болжамдар бар. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді депозиттер өзіне оңтайлы мөлшерлемені жыл соңына дейін сақтап қалу басымдығына ие», - деп жазады Ranking.kz.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың депозиттерін өтеу уақытын қысқартқан болатын.