Алматыда 22 жастағы Анастасия Галееваны өлтіргендерге сот үкім шығарды


Алматы облысында 22 жастағы бойжеткен Анастасия Галееваның өліміне кінәлілілерге сот үкім шығарды.


Анастасияның өліміне күдіктілер 27 жастағы Евгений Степанов пен 25 жастағы Асхат Баржақсин сот алдында жауап берді.


Судья Евгений Степановты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу мекемесінде өтейді.


Ал Асхат Баржақсин ҚР ҚК 432-бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.


«Осындай жағдайға тап боламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Анастасия тіріліп келмейді, оны жақсы түсініп тұрмын. Бұлай болғаны өте өкінішті. Бар ықыласыммен туыстарынан кешірім сұраймын. Бұл жағдайға мен ғана жауаптымын. Қамауда отырғанда көп нәрсені ойландым. Өмірлік құндылықтарымды қайта зерделедім. Мені бас бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын. Мен жәбірленушілердің алдындағы міндеттерімді орындауым керек», - деді Асхат Баржақсин.