Алматыда баласын таспен ұрған Мұрат Асқароғлы 5 жылға сотталды


Мұрат Асқароғлы Алматыда сотталды. Ол өз баласын өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.


Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Еркін Майшинов Мұрат Асқароғлу ісіне қатысты үкімін жариялады. Судьяның айтуынша, алқабилердің шешімімен Мұрат Асқароғлының кінәсі дәлелденді.



Сот отырысында айыпталушының туыстары сөзін бөлгендіктен, сот процессі бір сағатқа тоқтап қалды.



Кейіннен Еркін Майшинов сот залына оралып, үкімді жариялады:


«Мұрат Асқароғлы «дәрменсіз күйде адамға қасақана дене жарақатын тигізді» деп айыпты деп танылды. Бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күшейтілген режимдегі колонияға ауыстырылды. Мерзімі 2018 жылдың 2 тамызынан басталады».


Мұрат Асқароғлының адвокаты Нұрлан Устемиров HOLA News тілшісіне үкіммен келіспейтінін айтты:


«Бірде-бір сенімді дәлел болған жоқ. Оның кінәсі дәлелденген жоқ. Мен 15 күннің ішінде шағымданамын, тіпті ертерек», - деді адвокат.