Түркістандағы өрт: Тұрғымбаев пен Біртанов күйік шалған адамдардың жағдайын білді


Түркістан қаласында болған өртті сөндіру кезінде жарақат алған қызметкерлерін жағдайын білуге Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов барды.


Министрлер Түркістан облысының орталық ауруханасында науқастармен кездесті.


Екі министр де ауруханада күйік шалып жатқан 6 өрт сөндірушімен жеке-жеке кездесіп, олардың дін-амандығы мен денсаулықтарының жақсарғанына көздерін жеткізді. Қажет болған барлық көмектердің дер кезінде көрсетілетінін айтты.