Алматыда «Qazaq Music Awards» ұлттық музыкалық сыйлығы табысталады


Алматыда 22 желтоқсан күні тұңғыш рет «Qazaq Music Awards» ұлттық музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.


Жастар жылының қорытынды шарасы ретінде ұйымдастырылып отырған музыкалық сыйлық «Almaty Arena» сахнасында болады. Жоба продюсері Жұмабек Елеуовтің айтуынша, шараға 6 мыңнан астам көрермен қатысады деп жоспарлануда. Шара амбассадоры ретінде әнші Али Оқапов таңдалған.



«Жобаның басқа музыкалық байқаулардан ерекшелігі жас ерекшелігінің есепке алынбайтынында. Демек біз ұсынған номинацияларға эстрадамыздағы кез-келген әншісі үміткер бола алады. Әрбір номинация жеңімпаздарына 3 млн ақшалай сыйлық та қарастырылған», - деді Елеуов.


Сондай-ақ, шарада көрермендер арасында Дубайға 2 адамға жолдама ойнатылады. Оған билет сатып алған кез-келген көрермен автоматты түрде қатысады.



Музыкалық сыйлық 20 номинация бойынша әртүрлі жанрдағы әртістерге табысталады. Номинациялар төмендегідей:




Сонымен қатар, арнайы тағы 4 номинация қарастырылған;



Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл басынан бері 250 клип қаралып, қазақстандық әншілердің 500-ге жуық жаңа әні тыңдалған. Әрбір номинацияға 3 орындаушы үміткерлік ететін болады.



Орындаушыларға дауыс беру сатысы екі кезең бойынша 50/50 пайызбен жүзеге асады. Алғашқысы халықтың ашық дауысы арқылы онлайн іріктелсе, кейіннен арнайы құрылған комиссия мүшелері жеңімпазды анықтайтын болады.


Ашық дауыс беру «Qazaq Music Awards» сайтында ертең 12 қыркүйектен басталады. Дауыс беру 22 қарашада, сағат 00:00-де аяқталады.